Близость слов: Окончание:





2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 28 шілдедегі № 11 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 тамызда № 23813 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидалары мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 48) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлар тізімі» (индексі 1-СЖ, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұратындар және (немесе) келушілер тізімі» (индексі 1-ПП, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Тұрғын үй жағдайлары» (индексі 2-Ж, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Жеке» (индексі 3-И, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем жүргендер» (шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары) (индексі 4-В, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық санақтар департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ұлттық санақтар департаменті осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық мен аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарына (Н.Ж. Көшкімбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының Басшы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы Басшысының
2021 жылғы 28 шілдедегі № 11
бұйрығына 1-қосымша

Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парағының нысаны


 

Аумақтық статистика бөлімшесіне ұсынылады


 

Санақ парағын толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен

1 сағатқа дейін

1-2

2-4

4-8

8-40

40 сағаттан артық


 

Санақ парағы www.sanaq.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылған
Полная версия
ИС BestProfi