Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2023
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 261 Қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚРҰлттық Банкі Басқармасының 19.12.2022 жылғы № 119 Қаулысына сәйкес 
Редакция 26.03.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.02.2021 жылғы № 11 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақша қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес орналастырылған салымдар туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес кері репо, репо операциялары туралы есептің нысаны;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес дебиторлық берешек туралы есептің нысаны;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және зиянды өтеу резерві туралы есептің нысаны;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес кредиторлық берешек туралы есептің нысаны;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес акционерлер туралы мәліметтердің нысаны;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес инвестициялық қызметтен түскен кірістер (шығыстар) туралы есептің нысаны;;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жалпы және әкімшілік шығыстар туралы есептің нысаны;
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес кепілдік төлемдерді, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төлемдерді және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды жүзеге асыру бойынша шығыстар туралы есептің нысаны;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес активтер туралы есептің нысаны;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес резервтер есебінен сатып алынған активтер туралы есептің нысаны;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес инвестициялау лимиттерінің сақталуы туралы есептің нысаны;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес резервтер есебінен инвестициялау лимиттерін сақтау туралы есеп нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi