Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 745 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС), ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру жобаларының сараптамасын ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға негізділігін бағалау бойынша сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, сұралып отырған соманың негізділігін бағалау бойынша қорытынды беретін жеке тұлға (ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың сұралып отырған қаржыландыру көлемінің негізділігін бағалау үшін тартылатын сарапшының экономика және бизнес мамандықтарының топтары бойынша жоғары білімі, сондай-ақ мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуы қажет);
2) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына кешенді сараптама –экономиканың 3 немесе одан да көп салалары бойынша өтінім ұсынылған жағдайда, ұйымдастырушының әртүрлі экономика салаларындағы мамандар болып табылатын сарапшылар тобын тартуы жолымен жүргізетін сараптама;
3) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобалары бойынша өтінім беруші – грант алу үшін қарауға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
4) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы – зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, табыс алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатындағы ҒҒТҚН практикалық қолдану бағытында жоспарланатын жұмыстың мазмұнын қамтитын құжат;
5) ҒҒТҚН коммерцияландыруға арналған грант – экономиканың басым секторлары шеңберінде ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларын іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде берілетін бюджет қаражаты және (немесе) бюджеттен тыс қаражат;
6) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, сарапшы ретінде қатысу көзделетін қызмет саласында шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар жеке тұлға;
7) ҒҒТҚН коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргізу үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және сарапшы ретінде қатысуы көзделетін қызмет саласында мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға;
8) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар, шетелдік ғылыми ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, Web of Science халықаралық деректер базасының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда соңғы 5 (бес) жылда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолу жариялаған, Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базаларына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 5 (бес) Хирш индексі бар жеке тұлға.
Полная версия
ИС BestProfi