Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қазанда № 24865 болып тіркелді
Редакция 07.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеудің қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 14 қазандағы
№ 632 бұйрығымен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 830 Бұйрығына сәйкес (14.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 969 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12471 болып тіркелген):
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларында:
6-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің штабына, сондай-ақ Әкімшілік полиция комитетінің аналитикалық бөлінісіне комитеттер басшылығының, аумақтық органдар, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.
Өңірлік Полиция департаменттері, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің аппараттарындағы штабтарға қалалық, аудандық бөліністердің бастықтары мен олардың орынбасарларының лауазымдары бойынша Жұмыс стандарттарын белгілеу жүктеледі.».
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1094 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12713 болып тіркелген):
Полная версия
ИС BestProfi