Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.03.2022
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 бұйрығы
Осы Қаулы күшін жойды 2022 жылғы 15 наурыздан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.03.2022 жылғы № 12 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына (бұдан әрі - № 67 БМСДҚ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1)№ 67 БМСДҚ-ның 6-1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі,
фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер);
халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени- демалыс ұйымдары);
халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит- фудтардың;
барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың; дәріхана ұйымдарының;
тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар); байланыс және телекоммуникация объектілерінің;»;
2) № 67 БМСДҚ-ның 6-2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдаетырсын;»;
3)№ 67 БМСДҚ-ның 13-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлемнің елдеріндегі және Қазақстан Республикасындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тәулік бойғы мониторингін;»;
5) № 67 БМСДҚ-ға 23-қосымшада 1-тармақ мынадай редпакцияда жазылсын:
«1. COVID-19 ошақтарында қорытынды дезинфекцияны мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернат үлгісіндегі оқу орындарында жағдайлар тіркелген кезде ҰСО филиалдары жүргізеді.»;
6)№ 67 БМСДҚ-ға 24-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. COVID-19-бен сырқаттанушылықтың тіркелу деңгейі жоғары өңірлерде (қызыл аймақта) құжаттамалық растау болған жағдайдаCOVID-
19-қарсы вакцинацияның толық курсын алған, мекеменің персоналын, этаппен жіберуге (тасымалдауға) жататын адамдарды және қауіпсіздігі барынша төмен мекемелердің сотталғандарын, ҚАЖ, ІІМ мемлекеттік мекемелерінде және мекеменің шегінен тыс ұйымдарда жұмысқа орналастырылған адамдарды қоспағанда, ҚАЖ мекемелеріне көлікпен кіруді және одан шығуды (кіруді және шығуды) тоқтата тұру керек.»;
7)№ 67 БМСДҚ-ға 32-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8)№ 67 БМСДҚ-ға 33-қосымшада ІІІ бөлімнің 13-тармағының 2) тармақшасы, 16, 17-тармақтары алып тасталсын;
9)№ 67 БМСДҚ-ға 33-қосымшада 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. ҚДСҰО СЭСМҰҒО филиалы COVID-19 зертханалық зерттеулерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында зертханааралық салыстыру сынақтарын (кәсіптік тестілеу), оның ішінде «Сәйкестікті бағалау. Саралауды тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» І8О 17043-2013 стандартының, сондай- ақ ДДҰ-ның Сапаны сыртқы бағалаудың ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарының талаптарына сәйкес ДДҰ-ның ынтымақтасатын зертханасымен бірге жүргізеді.»;
10)№ 67 БМСДҚ-ға 33-қосымшада 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Сапаны сыртқы бағалау (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу) тестілеуді эпидемиологиялық мақсатта, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратын зертханалар үшін жүргізіледі.».
2.«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына (бұдан әрі - № 68 БМСДҚ) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1)№ 68 БМСДҚ-ның 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат беруді;»;
2)№ 68 БМСДҚ-ның 2-тармағының 10) тармақшасы алып тасталсын.
3.«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына (бұдан әрі - № 59 БМСДҚ) мынадай өзгеріс енгізілсін:
№ 59 БМСДҚ-ға 6-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының келген азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар (осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) Анықтама және Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) маманы жүзеге асырады.
COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады.».
4.«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 қаулысына (бұдан әрі - № 28 БМСДҚ) мынадай толықтыру енгізілсін:
№ 28 БМСДҚ-ға 1-қосымшада 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
««Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына (бұдан әрі - 21.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығы) сәйкес профилактикалық егулерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жатпайды.
КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы туралы анықтаманы жұмыс орнына көрсету үшін (қажет болған жағдайда) учаскелік дәрігер (ол болмаған жағдайда фельдшер) береді. Бұл ретте диагнозы пациенттің келісуі бойынша көрсетіледі.».
5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6.Осы қаулы 2021 жылғы 15 шілдеде сағат 00-ден бастап күшіне енеді.  
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Қиясов
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 14 шілдедегі
№ 32 қаулысына
қосымша
«Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2020 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 67 қаулысына
32-қосымша
COVID-19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін жерлеу алгоритмі
  Медициналық ұйымда COVID -19 коронавирустық инфекциясымен ауыратын немесе күдікті пациент қайтыс болған жағдайда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 131-бабына сәйкес паталогоанатомиялық ашу жүргізіледі.
  Қайтыс болған адамның денесімен жұмыс істейтін медицина персоналы денемен жанасу дәрежесіне қарай денемен және оны қоршаған заттармен жанасқанға дейін және одан кейін қолды гигиеналық өңдеуді қоса алғанда, жеке қорғаныш құралдарын (халат пен қолғап) пайдалануы қажет. Физиологиялық сұйықтықтардың немесе бөлінділердің шашырау ықтималдығы кезінде персонал қорғаныш қалқандарын немесе көзілдіріктерді және медициналық маскаларды қоса алғанда, бетті қорғау құралдарын пайдалануы тиіс.
Бұл ретте денені мәйітханаға тапсыруға дайындау керек, оның ішінде барлық инфузиялық жүйелерді, катетерлерді және басқа түтіктерді шығарып, денеден ағып жатқан барлық сұйықтықтарды оқшаулауды қамтамасыз ету қажет. Сұйықтықтар көп аққан кезде арнайы пакеттерді пайдалануға рұқсат етіледі.
Ашу медициналық ұйымда биологиялық өлім анықталғаннан кейін алғашқы тәулікте жүргізіледі.
Диагнозды, өлімнің себептерін және гистологиялық және зертханалық зерттеудің басқа да түрлеріне биологиялық материалды алу мақсатында қайтыс болған адамның денесі патологоанатомиялық бөлімшеге тасымалданады.
Қалалық және облыстық қоғамдық денсаулық басқармалары COVID -19-дан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін патологоанатомиялық зерттеу жүргізілетін патологоанатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдарды анықтайды.
Патологоанатомиялық бөлімшелерде COVID -19қайтыс болғандарды
патологоанатомиялық ашуға, биоматериалды алуға, секциялық залды жинау мен дезинфекциялауға қатысатын барлық қызметкерлердің Т.А.Ә., күндер мен іс-әрекеттерін тіркей отырып, журнал жүргізуді қамтамасыз ету қажет.
Ашу желдетілетін секциялық бөлмеде жүргізіледі, желдету жүйесі сағатына кем дегенде алты еселік ауа алмасуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ашуға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен персоналдың ең аз саны (бір дәрігер-патологоанатом және екі санитар) қатысады.
COVID-19-бен ауыратын науқастардың мәйіттерін қарап-тексерумен, тасымалдаумен, жұмыс істеумен және қызмет көрсетумен байланысты барлық адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетті қорғауға арналған экрандар, сондай-ақ қорғаныш дәрежесі жоғары медициналық маскалар немесе респираторлар (кемінде 2-ші қорғаныш сыныбы немесе ҒРР2), таза, стерильді емес, ұзын жеңді суға төзімді халатты (немесе суға төзімді бір рет
қолданылатын костюм, немесе суға төзімді комбинезон), резеңке етікті немесе қонышы ұзын резеңке бахилаларды (бұдан әрі - ЖҚҚ) пайдаланады.
COVID-19-дан қайтыс болған науқастың мәйітін жуу прозектурада жүргізіледі. Денені дайындау ең аз адамдардың қатысуымен жүзеге асырылуы керек. Мәйітті жууға тартылған адамдар (3 адамнан артық емес) ЖҚҚ (алжапқышы бар су өткізбейтін халат, көзілдірік, медициналық маскалар, қолғаптар) киеді. Дене сұйықтықтарының шашырауы мүмкін кез келген іс-әрекетті орындау кезінде көзді және ауызды қорғау құралдарын (бетке арналған қорғаныш қалқаны немесе көзілдірік, сондай-ақ медициналық маска) пайдалану керек.
Денені дайындауға балалар, қарттар (60 жастан асқан) және созылмалы патологиясы бар адамдар (тыныс алу аурулары, жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті немесе иммундық жүйесі әлсіреген) қатыспауы керек.
Денені дайындауға арналған үй-жайдағы беттер алдымен сабынды сумен немесе өнеркәсіптік өндірістің дайын жуу құралымен өңделеді, содан кейін вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимдері көрсетілген, оларға қоса берілген нұсқаулықтарға сәйкес дезинфекциялау құралымен өңделеді.
2 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып, ЖҚҚ (респиратор, бір рет қолданылатын медициналық халат, қолғаптар, бахилалар) пайдалана отырып, жуу кезінде қайтыс болған адамның 2 адамнан артық емес туысқанының болуына жол беріледі.
Табытсыз көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) дезинфекциялау ерітіндісімен жуады және қолданылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға (саван, «кебін») орайды. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, тығыз матаға оралады. Жерлеу кезінде саванды ашуға және қайтыс болған адамның бетін ашуға тыйым салынады.
Табытпен көмген кезде (ұлттық әдет-ғұрып бойынша) қайтыс болған адамның мәйіті пайдаланылатын препараттың нұсқаулығына сәйкес шоғырланудағы тиісті вирулицидті (бактерицидті) дезинфекциялау ерітіндісі сіңірілген матаға оралады. Содан кейін дене полиэтилен пленкамен оралып, қайтадан тығыз матаға оралады. СО^ГО-19-дан қайтыс болған адамның мәйіті жерлейтін жерге жабық табытта тасымалданады.
Жерлеу іс-шараларын өткізу үшін (жаназа, арулау және т.б.) туыстарымен қоштасу үшін мәйітті беруге рұқсат етіледі. Діни салтқа тек бір ғана діни қызметкердің қатысуына жол беріледі. Бұл ретте діни қызметші мен туыстары қайтыс болған адамның денесін ұстамайды.
Прозектурадан кейін дене мәйітті тасымалдау және жерлеу кезінде биоқауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіру және тиісті қолхат алу арқылы қайтыс болған адамның туыстарына жерлеуге беріледі.
Жерлеуге қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын (маска, қолғап) пайдалануы тиіс. Жерлеу барысында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау қажет.
COVID -19 расталған/немесе ықтимал диагнозы бар қайтыс болған адамның мәйітін көму жеке зират бөлместен жалпы зираттарда жүргізіледі.
Жерлеу аяқталғаннан кейін құрал-саймандар, қорғаныш киімі, көлік қабірдің шетінде тікелей көмілген жерде тиісті шоғырланудағы және экспозициядағы дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.
.Мәйітті көму орнына тасымалдау үшін пайдаланылған көлік нұсқаулыққа сәйкес тиісті
шоғырланудағы дезинфекциялау құралдарымен мұқият жуу немесе гидропультпен қарқынды сулау жолымен зарарсыздандырылады.
Көлікті дезинфекциялауды (жууды) жүргізетін адамдар жеке қорғаныш құралдарын (қорғаныш халаты, қолғаптар, медициналық маскаларды) пайдалануы қажет.
Көлікті басқа орындарда дезинфекциялауға және көму орнынан зарарсыздандырылмаған құрал-саймандарды, пайдаланылған қорғаныш киімдерін және мәйітті тасымалдау мен көмуге пайдаланылған басқа да заттарды әкетуге жол берілмейді.
Қайтыс болған адамды (COVID-19 расталған/немесе ықтимал диагнозы) басқа қалалар мен жерлерге тасымалдауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің келісімі бойынша рұқсат етіледі.
Елдің аумағында COVID -19-дан шетел азаматтары қайтыс болған жағдайда мәйітті тасымалдау және оны көму бойынша барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.».
Полная версия
ИС BestProfi