Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 488 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 желтоқсанда № 26092 болып тіркелді
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 488
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес (22.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 02.06.2023 жылғы № 200 Бұйрығына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген):
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 17-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:
«қорғаншылықты, қамқоршылықты ресімдеу, білім беру ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу;».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2023 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.2023 жылғы № 263 Бұйрығына сәйкес (22.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. «Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 292 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18764 болып тіркелген):
«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Психологиялық және әлеуметтік жұмыс» кәсіптік стандартында:
«17) медициналық-әлеуметтік сараптама – мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;»;
«2) БА – Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-2) тармақшасына сәйкес әзірленіп, бекітілген басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;»;
кәсіптік стандартқа қосымшада «арнаулы түзеу ұйымдарына» деген сөздер «білім беру ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi