Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 24 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.07.2023 жылғы № 550 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларында:
«1. Осы Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) мен Қордың тобына кіретін ұйымдардың (бұдан әрі – ұйымдар) мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Қордың интернет-ресурсына орналастыру тәртібін айқындайды.»;
«7. Қордың интернет-ресурсында орналастырылған қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қорғаудың «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық, ұйымдық және техникалық (бағдарламалық-техникалық) шараларын Қор қабылдайды.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік органдарға қажетті есептіліктің тізбесінде және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12. |
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп (12-нысан) |
ттоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін |
ПӘ (келісу бойынша), ПМК, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ЕК (келісу бойынша) |
»;
ескертпеде:
аббревиатуралардың толық жазылуында:
мына:
«ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын, мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 949 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысымен бекітілген
5-нысан
ИИДМБ1 , «Нұрлы жол»2 шеңберінде және Қордың Директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын Қордың инвестициялық жобалары туралы ақпарат
Р/с № |
Жобаның атауы |
Қатысушылар |
Өңір |
Мақсаты/әсері |
Іске асыру мерзімдері |
Өндіріс қуаты |
|
Жылына заттай мәнде |
Жылына құндық мәнде, млн теңге |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
|
|
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы:
Кезеңдегі жұмыс орындарының саны |
Жобаны іске асыру басталғаннан бері игерілген инвестициялар |
Жобаның құны, млн теңге |
Қаржыландыру схемасы |
||||||
Құрылыс |
Пайдалану |
млн теңгемен |
жобаның жалпы құнынан %-бен |
Меншікті (Қор және ЕТҰ 3 ) |
қарыз |
РБ 4 |
оның ішінде РБ (ҰҚ 5 ) |
БЖЗҚ 6 (қарыз) |
|
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы:
Пайдалануға берілген күні (АА. ЖЖ.) |
Жобалық қуатқа шыққан күні (АА. ЖЖ.) |
Өндірілген өнімнің заттай мәндегі көлемі (пайдалануға берілген күннен бастап), тонна, дана және т.б. |
Құндық мәндегі өндірілген өнімнің көлемі (пайдалануға берілген күннен бастап), млн теңге |
Ағымдағы жағдайы (жоба бойынша орындалған іс-шаралар және жүргізілетін жұмыстар) |
Проблемалық мәселелер |
|
Мәселе |
Құзыретті органды көрсете отырып, шешу жолдары |
|||||
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________________
1 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2 Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы
3 Еншілес және тәуелді ұйымдар
4 Республикалық бюджет
5 Ұлттық қор
6 Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры
12-нысан
«Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысында (бұдан әрі – № 908 ҚРҮҚ) көзделген Қор объектілерін бәсекелес ортаға беру жөніндегі есеп
Активтің атауы |
№ 908 ҚРҮҚ-ға № 2/№ 5/№ 6 қосымшада берілген |
Меншікті үлес, барлығы, % |
Сатылатын (берілетін) үлес, % |
Бәсекелес ортаға беру, күні |
||
Сату күні (сатып алу-сату шартына қол қою) |
Қордың құрамынан шығу нысаны (сатылды, таратылды, қайта ұйымдастырылды) |
Сату тәсілі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
||||||
№ 908 ҚРҮҚ бойынша барлығы |
|
|
|
|
|
|
№ 908 ҚРҮҚ 2-қосымша бойынша |
|
|
|
|
|
|
№ 908 ҚРҮҚ 5-қосымша бойынша |
|
|
|
|
|
|
№ 908 ҚРҮҚ 6-қосымша бойынша |
|
|
|
|
|
|
Қалдық |
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы:
Құны 12 , мың теңге |
Өзгелер |
||||
Баланстық 13 (меншікті капитал) |
Бағалау (бастапқы) |
Сату |
Айырмасы |
||
баланстық |
бағалау |
||||
8 |
9 |
10 |
11=10-8 |
12=10-9 |
13 |
|
|
|
|
|
|
Жиыны |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________________________
12 Таратылған және қайта ұйымдастырылған активтер бойынша толтыру талап етілмейді.
13 Активті сату жылының алдындағы есепті жылдың ішіндегі қаржылық көрсеткіштер көрсетіледі.