Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі - COVID-19) дельта (Үнді штаммы) нұсқасының таралуына байланысты сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7- тармақтарына (31.03.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.01.2022
Коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 23 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 14 қантардан бастап Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1.Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес "Ashyq" жобасының қатысушылары болып табылмайтын/болып табылатын әлеуметтік- экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемдері бекітілсін.
2.Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша "Атамекен" ӨКП (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме, ұйым және кәсіпорын басшылары қамтамасыз етсін:
1-тармақшаның қолданысы 2021 жылғы 17 тамыздан бастап уақытша тоқтатылды Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.08.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес
1)осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес "Ashyq" жобасының қатысушылары болып табылмайтын/болып табылатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын;
2)кәсіпкерлік объектілерінде қатысушыларды кеңейте отырып, "Ashyq" жобасын іске асыруды жалғастыруды, "Ashyq" жобасына сауда- ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, азық-түлік емес базарларды, дәріханаларды, ПТР зертханаларын және басқа да шағын орта бизнес объектілерін қосуды;
2-тармақша өзгертілді Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.08.2021 жылғы № 27 Қаулысына сәйкес (16.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3)әкімдіктердің сайтында "Ashyq" жобасына қатысушылар туралы, оның ішінде ерікті қатысушылар туралы ақпаратты орналастыруды;
4)мониторингтік топтардыңәлеуметтік-экономикалық
объектілерге, оның ішінде "Ashyq" жобасына қатысушыларға бақылауды күшейтуді;
5)жосықсыз қатысушыларды (кәсіпкерлік субъектілерін) "Ashyq" жобасынан шығаруды;
6)коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау қажеттілігі туралы және жобаға қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін Аррstоге және РІауМаrкеt "Ashyq"мобильді қосымшасын жүктеу үшін халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді;
7)қоғамдық орындар мен объектілерге бару кезінде, қоғамдық көлікте жол жүру кезінде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шүгылдану кезін қоспағанда) халықтың бетперде кию, әлеуметтік қашықтық сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтауды;
8)жеке және 15 адамнан аспайтын үйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және басқалар) бетперде режимін және 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтаған кезде рұқсат беруді;
9)төтенше жағдайларды қоспағанда, қатысушыларда COVID-19-ға қарсы құжатпен расталған вакцинация болған жағдайда және соңғы 6 айда ауырып жазылған адамдар болған жағдайда күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беруді;
10)"Бөбек "Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына сәйкес
COVID-19-ға қарсы қызметкерлердің вакцинациялау шартымен рұқсат беруді;
11)арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп- интернаттардың қызметіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына сәйкес COVID-19-ға қарсы қызметкерлердің вакцинациялау шартымен рұқсат беруді;
12)қоғамдық көлікті, таксиді, метроны, әуежайларды, т/ж және авто - вокзалдарды, аулалық балалар және спорт алаңдарын, азық - түлік және азық-түлік емес базарларды және басқа да қоғамдық орындарда маскалық режимді сақтауды, профилактикалық дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етуді;
13)коронавирустық инфекцияның белсенді ошақтары бар үйлердегі аулалық және кварталаралық балалар ойын және спорт алаңдарын, кіреберістер мен лифтілерді, соңғы аялдамаға әрбір кіреберісте қоғамдық көлікті күнделікті дезинфекциялауды;
14)ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық- эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалы мутацияланған штаммдарды анықтау үшін COVID-19-ға оң нәтижелерді "МРК” зертханасына жеткізуді;
15)Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №19 "Үндістаннан Қазақстан Республикасына коронавирустық инфекцияның әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы" және 2021 жылғы 16 мамырдағы №21 "Мальдив аралдарынан Қазақстан Республикасына коронавирустық инфекцияның әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы" қаулыларын орындауды;
16) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дэрігерінің 2021 жылғы 06 мамырдағы № 20, 2021 жылғы 01 шілдедегі № 30, 2021 жылғы 01 шілдедегі №31, 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулыларымен енгізілген Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандагы № 67 және № 68 қаулыларына өзгерістер мен толықтыруларды орындау және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 22 мамырдагы № 22 және 2021 жылғы 11 маусымдагы №28 қаулылардың орындалуын;
17)Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысымен енгізілген Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дэрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды орындауды.
3.Алматы қаласының аудан әкімдіктері, қоғамдық даму басқармасы, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, қоғамдық денсаулық басқармасы 14 күндік карантиндегі COVID-19 науқастарына және олармен байланыста болған адамдарға дәрі-дәрмектерді, азық-түлік өнімдері мен күнделікті қажетті тауарларды жеткізуді үйымдастырсын.
4.Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.06.2021 жылғы № 19, 03.07.2021 жылғы №20 және 13.07.2021 жылғы №21 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6.Осы қаулы 2021 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.Бекшин
1-қосымшаның қолданысы 2021 жылғы 17 тамыздан бастап уақытша тоқтатылды Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16.08.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес
Алматы қаласы
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 23 шілдедегі
№ 23 қаулысына 1 -қосымша
1-қосымша өзгертілді Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.07.2021 жылғы № 24 Қаулысымен (23.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
" Ashyq " жобасының қатысушысы болып табылатын/болып табылмайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемдері
Полная версия