Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26723 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12734 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы»;
««Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидалары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын (бұдан әрі – Қағидалар);
Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi