Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидаларын, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 693 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12734 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидалары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9280 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 сәуірде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11713 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған).
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидалары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібі
Осы Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 01.02.2022 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау қағидалары, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік сатып алу есептілігін жинау, қорыту және талдау тәртібін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу есептілігін қалыптастыру тәртібін айқындайды.
1) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – мемлекеттiк сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесі;