«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабы 11-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда № 26971 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2025 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 жылғы № 552 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу және квазимемлекеттік сектор сатып алуы заңнамасы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № 206 бұйрығымен бекітілген
Өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты
__________ қаласы____________сериясы № ____ 20___жылғы «____»
Бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын, _____________________________________________________________ атынан (сақтандыру ұйымының атауы) ___________________________________________________________________, (жарғы, ереже немесе сенімхат)
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша 20__ жылғы «___» _________ № ______
сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның
және Сақтандыру қағидаларының негізінде әрекет ететін __________________ (уәкілетті тұлғаның ____________________________________________________________________ (лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын, ____________________________________________________________________, (жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
атынан _________________________________________ негізінде әрекет ететін, (жарғы, лицензия немесе сенімхат) ____________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса))
екінші тараптан, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету/ авансқа тең мөлшерде авансты (егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс көзделген жағдайда) қамтамасыз ету мақсаттары үшін төмендегілер туралы 20___ жылғы «___» ______ № _________ осы Сақтандыру шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
Полная версия