«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ -25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27182 болып тіркелді
Редакция 08.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 1027 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16279 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ -25 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2023 жылғы № 66 Бұйрығымен (15.03.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.02.2025 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (07.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.03.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына және 138 бабына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес балаларға педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаттарына қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Педиатриялық көмек он сегіз жасқа (кәмелеттік жасқа) толмаған балаларға (бұдан әрі – балалар) Кодекстің 117, 118-баптарына сәйкес нысандарда және жағдайларда көрсетіледі.
3. Медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МҰ) педиатриялық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, балаларды профилактикалауға, ерте диагностикалауға, емдеуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
4. Балаларға медициналық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2020 жылғы 16 қазандағы № 672, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулыларына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерімен жүзеге асырылады.
Полная версия

