Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 қаулысы
Редакция 30.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 209 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысымен (02.06.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысында:
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында:
«12. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттар бойынша оларды ҰКП және сараптамалық кеңес қарағанға дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні қалғанда интернет-ресурстарда орналастыруды қоса алғанда, БАҚ-та анонстар (ақпараттық хабарламалар) міндетті түрде жариялануға (таратылуға) тиіс.»;
«26. Тұжырымдама жобасы қоса берілетін барлық материалдармен және заң жобасының алдын ала мәтінімен бірге оны Комиссия мүшелерінің қарауы үшін ашық НҚА интернет-порталында орналастырылады, бұл туралы әзірлеуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне хабарлайды.
Өзге мүдделі тұлғалар да тұжырымдама жобасы бойынша пікірлерін ашық НҚА интернет-порталында қалдыра алады.»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерге қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына 9-қосымша
Қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеудің үлгі бағдарламасы
Р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Мерзімі |
Нысаналы индикатор |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ұйымдастыру жұмысы |
|||||
1. |
Заңды әзірлеушілер, баспасөз қызметі және өзге де құрылымдық бөлімшелер арасында үздіксіз және тиімді жұмысты қамтамасыз ету |
ішкі бұйрық/қағидалар/алгоритм |
|
|
әзірлеуші орган |
2. |
Күшіне енетін күнін көрсете отырып, қабылданған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу |
құжаттар топтамасы |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
|
әзірлеуші орган |
3. |
Қызмет саласын көрсете отырып, әзірлеушілердің Т.А.Ә., байланыстары көрсетілген тізімді (әсіресе, бұл ведомствоаралық заңдарға қатысты) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу |
заңды әзірлеуге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
|
әзірлеуші орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
4. |
Спикерлер тізімін (Т.А.Ә., байланыстар, қызмет саласы, қолайлы тіл көрсетіле отырып) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу. Спикерлер тізімі әзірлеушілер, нысаналы топ, осы саладағы сарапшылар, қоғамшылдар қатарынан құралуға тиіс |
спикерлер тізімі |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
|
әзірлеуші орган |
5. |
Заңды іске асыруға байланысты ықтимал тәуекелдерді (ұйымдастырушылық, заңдық, әлеуметтік) дайындау және БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу |
тәуекелдерді талдау |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
кемінде 1 талдамалық жазба |
әзірлеуші орган |
6. |
Ақпараттық өріске тұрақты мониторинг жүргізу |
мониторингтік қызмет |
ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 1 ай ішінде |
ақпараттық-анықтамалық материалдар |
әзірлеуші орган |
7. |
Қабылданған заңның негізгі аспектілерін ілгерілету және түсіндіру бойынша медиа-өнімдерді (инографикалар, телеграфикалар, телекестелер, бейнероликтер және т.б.) дайындау және қажеттігіне қарай БАҚ жөніндегі уәкілетті органға жіберу |
медиа өнімдері |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 инфографика және 1 бейнеролик (қажет болған кезде) |
әзірлеуші орган, АҚДМ |
Ақпараттық жұмыс |
|||||
1. |
Заң бойынша браузерлерде іздеу үшін түйін сөздер тізбесін әзірлеу және мемлекеттік орган сайттарының шоғырландырылған жүйесін үйлестірушіге беру |
түйін сөздер тізбесі |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
кемінде 1 тізбе |
әзірлеуші орган |
2. |
Заңды әзірлеуші органның өз ресурстарында түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, күшіне енгізілетін күнін көрсете отырып, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін орналастыру |
әзірлеуші органның өз ресурстарында жариялау |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
сайт бойынша және Google, Yandex, Mail, Explorer іздеу жүйелерінде іздеу мүмкіндігімен бір сілтемедегі бүкіл тізбеде |
әзірлеуші орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
3. |
Әзірлеуші органның бірінші басшыларының жеке парақшаларында және әлеуметтік желілерде үлгілік хабарламаны мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыру. Мысалы: “Бүгіннен бастап «........ туралы» Заң күшіне енеді. Бұл Заң ... бағытталған. Жете танысу үшін сілтеме (ведомство сайтына сілтеме) бойынша өтуге болады» |
ведомстволардың бірінші басшыларының әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында хабарлама жариялау |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
бірінші басшылардың әлеуметтік желілерінің кемінде 2 түрін қамту |
әзірлеуші орган |
4. |
Баспасөз конференциясын өткізудің орындылығы туралы шешім қабылдау үшін қол қойылған заңды, түсіндірме жазбаны, заңға тәуелді актілердің тізбесін, тәуекелдерді талдауды, ақпараттық өрісті талдауды, кейінге қалдырылған нормалардың тізбесін дайындау және ОКҚ-ға жіберу |
ОКҚ атына құжаттар топтамасымен хат |
қажет болған кезде |
баспасөз-конференция |
әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
5. |
Әзірленген инфографикалар мен бейнероликтерді бірінші басшылардың әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында орналастыру |
инфографикалар мен бейнероликтерді жариялау |
ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде |
кемінде 2 ресурста кемінде 2 жарияланым |
әзірлеуші орган |
6. |
БАҚ-та және интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде мақалалардың шығуын ұйымдастыру |
БАҚ-тағы және интернет-порталдардағы мақалалар |
ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде |
мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 2 мақала |
әзірлеуші орган, АҚДМ |
7. |
Әзірлеуші орган берген инфографикалар мен бейнероликтерді БАҚ-та және әлеуметтік желілерде орналастыруды ұйымдастыру (қажет болған кезде) |
БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар |
ресми жарияланған кезден бастап күнтізбелік 1 (бір) ай ішінде |
кемінде 5 мың пайдаланушыны қамти отырып, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кемінде 2 жарияланым |
әзірлеуші орган |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
8. |
Қабылданған заңды түсіндіру бойынша Орталық коммуникациялар қызметінің брифингтерін ақпараттық сүйемелдеу |
мемлекеттік БАҚ-тың жаңалықтар блоктарындағы сюжеттер |
брифинг өткізілгеннен кейін |
кемінде 2 сюжет |
әзірлеуші орган, ОКҚ (келісу бойынша) |
9. |
Республикалық және өңірлік телеарналардың бағдарламаларында қабылданған заң бойынша талқылау мен сұхбаттар шығаруды ұйымдастыру (қажеттілігіне қарай) |
ақпараттық-талдамалық бағдарламалар |
қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі |
кемінде 3 бағдарлама |
әзірлеуші орган, АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
10. |
Қабылданған заңды сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру |
сарапшыларды тарту |
ресми жарияланғаннан кейін |
баспа басылымдарында кемінде 2 жарияланым |
әзірлеуші орган |
11. |
Қабылданған заңды республикалық және өңірлік телеарналарда талқылау және түсіндіру жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардың шығуын қамтамасыз ету (қажет болған кезде) |
ақпараттық-талдамалық бағдарламалар |
қабылданған заңды талқылаудың бүкіл кезеңі |
кемінде 3 бағдарлама |
АҚДМ, ОКҚ (келісу бойынша) |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ОКҚ – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі