«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 07.04.2022 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес
Редакция 14.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереже (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) бекітілсін.
1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 07.04.2022 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы №22 бұйрығының күші жойылсын.
1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ұлттық статистика бюросының басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереже
Ереже өзгертілді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 28.02.2022 жылғы № 9 Бұйрығымен (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 07.04.2022 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (28.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында үйлестіруді, басшылықты және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 12.08.2024 жылғы № 68 Бұйрығына сәйкес (28.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)
2. Ұлттық статистика бюросы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық статистика бюросы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Ұлттық статистика бюросы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Ұлттық статистика бюросы заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Ұлттық статистика бюросы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық статистика бюросы басшысының бұйрықтарымен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия