Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы 
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 100/НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ереженің 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді өткізу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 18 наурыздағы № 83-ХТ хаттамасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері аккредиттелсін және оларға аккредиттеу туралы тиісті куәліктер берілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 69/НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы» деген 3-қосымшада:
Кеңестің көрсетілген құрамына енгізілсін:
12. «Ақпараттық технологиялар өндірушілері және ақпараттық байланыс субъектілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша);
13. «Қазақстанның қаржы ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша);
14. «Жерді қашықтықтан зондтау компанияларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша);
15. «Қазақстанның тауарондірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігі (келісім бойынша);
16. «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (келісім бойынша).
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппараты басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Ә. Ахметжанов  
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
 өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының
2021 жылғы 26 наурыздағы № 100/НҚ бұйрығына қосымша
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі  
1) «Ақпараттық технологиялар өндірушілері және ақпараттық байланыс субъектілері одағы» заңды тұлғалар бірлестігі (аккредиттеу туралы куәлiк  үш жыл мерзімге берілді);
2) «Қазақстанның қаржы ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (аккредиттеу туралы куәлiк  үш жыл мерзімге берілді);
3) «Жерді қашықтықтан зондтау компанияларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (аккредиттеу туралы куәлiк  үш жыл мерзімге берілді);
4) «Қазақстанның тауарондірушілері және экспортқа шығарушылары одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігі (аккредиттеу туралы куәлiк  үш жыл мерзімге берілді);
5) «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі (аккредиттеу туралы куәлiк  үш жыл мерзімге берілді);
6) «Қазақстанның Радиоспорт және Радиоәуесқой Федерациясы» қоғамдық бірлестігі (аккредиттеу туралы куәлiк  үш жыл мерзімге берілді).
Полная версия
ИС BestProfi