Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 48 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 шiлдеде № 28688 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күшіне енеді. Тізбенің 1-тармағының сегізінші абзацы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ислам банктің Тізбенің 2-тармағының алпыс бесінші, жетпіс алтыншы, сексен алтыншы және жүз он екінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 2-тармағының алпыс сегізінші, жетпіс жетінші, сексен жетінші және жүз он үшінші абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі.
Банктің Тізбенің 3-тармағының алпыс алтыншы, жетпіс бесінші, жүз оныншы, жүз жиырма бесінші, жүз елу екінші және жүз алпыс сегізінші абзацтарында көрсетілген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуы осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін анықталған жағдайларда Тізбенің 3-тармағының алпыс жетінші, жетпіс алтыншы, жүз он бірінші, жүз жиырма алтыншы, жүз елу үшінші және жүз алпыс тоғызыншы абзацтарында көзделген мерзім осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап есептеледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 30 маусымдағы
№ 48 қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингіні, осы рейтингіні беретін рейтингілік агенттіктер тізбесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 385 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8318 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«2. Осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің талаптары мыналарға қолданылмайды:
1) төменде көрсетілген барлық талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденттері емес - заңды тұлғаларға:
заңды тұлғаның халықаралық шкаласы бойынша Standard & Poors рейтингілік агенттігінің «ВВ-»-тен немесе осы қаулының 3-тармағында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұқсас деңгейдегі рейтингілерінен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ең төменгі кредиттік рейтингі бар;
Полная версия
ИС BestProfi