Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2025
«Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-3/297 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 606 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 қыркүйекте № 29502 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 9 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 30.06.2025 ж. № 162-НҚ Бұйрығына сәйкес 
1. «Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №19-3/297 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11332 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
2022 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 606 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№19-3/297 бұйрығымен
бекітілген
Сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінің тізбесі
№ Облыстар бойынша объектілердің атауы
1. «Дамса-Научный-Степное» топтық су құбыры
Полная версия
ИС BestProfi