Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуын орта мерзімді перспективада қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан халқы Ассамблеясының ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереженің 26-тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 1014 Жарлығы
Редакция 17.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығы;
2) "Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 148 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 824 Жарлығы.
3. Осы Жарлық қол қойылғна күніен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022жылғы 15 қыркүйектегі № 1014 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тұжырымдаманың бүкіл мәтін бойынша «Нұр-Сұлтан» деген сөз «Астана» деген сөзбен ауыстырылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (15.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының паспорты
Тұжырымдаманың атауы |
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында берген № 18-35-3.1 хаттамалық тапсырмасының 3-тармағы |
Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі; Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі; Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі; Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдіктері |
Іске асыру мерзімдері |
2022 - 2026 жылдар |
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) қазақстандық патриотизм, азаматтық тең құқықтық, мемлекеттік тілдің біріктіруші рөлі, "бірлігіміз - әралуандықта" идеясы, ұлттың ұдайы жаңғыруы, сондай-ақ интермәдениеттілік саясаты қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі уақытта қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі әлемде табысты модельдердің бірі деп танылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы № 2066 Жарлығымен Ассамблея Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблеяға елдегі этносаралық қатынастарды дамыту және нығайту жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіру жүктелді.
2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде айқындап, оның Парламенттегі кепілді өкілдігін қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 370 Жарлығына сәйкес Қазақстан халықтары Ассамблеясының атауы Қазақстан халқы Ассамблеясы болып өзгертілді.
2008 жылы "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда оның этносаралық қатынастар саласындағы қызметінің нормативтік құқықтық негіздері айқындалды.