Близость слов: Окончание:





Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (23.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 28.03.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (23.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2022 жылғы 23 қыркүйектегі
 № 736 қаулысымен
 Бекітілген
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған  ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Тұжырымдама жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.03.2023 жылғы № 265 Қаулысына сәйкес (23.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)

Атауы

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Тұжырымдаманы әзірлеу үшін негіздемелер

"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығы;

"Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 812 Жарлығы;

"Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008 Жарлығы;

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы;

"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысы;

"Amanat" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы.

Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі;

облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері;

ҰКП (келісу бойынша);

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша);

"ҚТК"АҚ (келісу бойынша);

"Отбасы банк" АҚ (келісу бойынша);

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ (келісу бойынша);

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ (келісу бойынша);

"Мемқұрылыскадастры" РМК (келісу бойынша);

"Мемсараптама" РМК (келісу бойынша)

Іске асыру мерзімдері

2023 – 2029 жылдар

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық көрсететін қызметтер – бұл халықтың тұрмыс деңгейін айқындайтын негізгі өмірлік игіліктердің бірі, өйткені халықтың оларға қанағаттануы немесе оларға мұқтаж болуы әсіресе өткір сезіледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы өзара байланысты 2 негізгі элементті:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын объектілерді және елді мекендердің аумақтарын сумен, газбен, жылумен, электрмен жабдықтауды, су бұруды, абаттандыру мен күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жүйелерді қамтитын коммуналдық секторды;
2) коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушысы болып табылатын көпқабатты тұрғын үйлерді (бұдан әрі – КТҮ) және жеке үй құрылыстарын қамтитын тұрғын үй секторын білдіреді.
Полная версия
ИС BestProfi