«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру cтандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы № 41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32111 болып тіркелді
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № ҚР ДСМ-11/2020 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20069 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2 тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 20 наурыздағы № 41 бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында хирургиялық (абдоминалды, торакалды, колопроктологиялық) көмек көрсетуді ұйымдастырудың талаптарын және қағидаларын белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер және анықтамалар:
1) бейінді маман – денсаулық сақтау саласы бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым (бұдан әрі – ғылыми ұйым) – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті, сондай-ақ медициналық, фармацевтикалық және (немесе) білім беру қызметін жүзеге асыратын ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
3) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) динамикалық байқау – халық денсаулығын жүйелі түрде бақылау, сондай-ақ осы бақылаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
Полная версия

