БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32930 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және 120-3 бабының 1-тармағының екінші бөлігін және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
«1. Осы Қаржылық есептілікті жасау мен ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) оларды пайдаланушыларға ұсыну мақсатында республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қаржылық есептілікті жасау және ұсыну тәртібін және көлемін, мерзімділігін, мерзімдерін белгілейді.
2. Республикалық, жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жартыжылдық, жылдық есептіліктерін осы Қағидаларда белгіленген көлемде жасайды.»;
«7. Әкімшілік деректердің нысандарына титулдық парақтың атаулы бөлігі мынадай тәртіпте толтырылады:
нысан бекітілген бұйрықтың, күні мен нөмірі;
нысан атауы;
есептік кезең;
«Индексте» қаржылық есептілік (бұдан әрі - ҚЕ) нысаны (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);
«Мерзімділігі» деректемесі – қаржылық есептілік кезеңі көрсетіледі;
«Бюджеттің түрі» – мемлекеттік мекеме қандай бюджеттен қаржыландырылады, бюджеттің түрі көрсетіледі;
«Өлшем бiрлiгi» – мың теңге.
Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасынан бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы мен кодын көрсете отырып, ұсынады.
Полная версия

