Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының мемлекеттік және стратегиялық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына Тұжырымдаманың іске асырылуы туралы есеп беріп тұрсын, сондай-ақ оны бірінші басшының қолын қойғызып, интернет-ресурста (қолжетімділігі шектелген ақпаратты қоспағанда) орналастырып тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 − 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына қосымша
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары
Р/с |
Реформалардың/негізгі іс-шаралардың атауы |
Аяқталу нысаны |
Орындалу мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1-бағыт. Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту |
||||
1-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі (2023 ж. – 81 %, 2024 ж. – 81,5 %, 2025 ж. – 82 %, 2026 ж. – 82,5 %, 2027 ж. – 83 %, 2028 ж.– 83,5 %, 2029 ж. – 84 %) |
||||
1. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу жүргізу |
әлеуметтанулық және талдамалық зерттеу |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, ЖАО |
2. |
Түркі, славян жазбаларының күндерін мерекелеу шеңберінде конкурстар, конференциялар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
2023 – 2029 жылдардағы |
ЖАО |
3. |
Жергілікті атқарушы органдарға, ұлттық компанияларға көрнекі ақпаратты дұрыс жазу (акциялар, "Үздік маңдайша", "Үздік аудан", "Үздік көше" және т.б.), бизнес саласындағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекі ақпарат) мемлекеттік тілде ресімдеу қажеттігі бойынша консультациялық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ЖАО, |
4. |
"Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жарнаманы орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында "Жарнама – тіл тазалығының көрінісі" республикалық конкурсын өткізу |
конкурс |
2024 – 2025 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ҒЖБМ, ЖАО |
5. |
Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде тіл туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтау |
ПӘ-не ұсыныс |
2023 жылғы |
ҒЖБМ |
6. |
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жеке және заңды тұлғаларға өз кәсіпкерлік қызметін жүргізуде қолдау көрсету мақсатында қазақ тілінің мәдени-семантикалық сөздерінің "korneki.kz" дерекқорын жасау |
"korneki.kz" дерекқоры |
2024 жылғы желтоқсан |
ҒЖБМ |
7. |
Кәсіпкерлердің фискалдық (кассалық) чектерді "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шығаруын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізу |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
2024 жылғы |
ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), Қаржымині |
8. |
Қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру |
іс-шаралар |
2023 – 2029 жылдар, жыл сайын |
ЖАО, ҒЖБМ, "Отандастар" қоры (келісу бойынша), "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" қоғамдық бірлестігі (келісу бойынша) |
9. |
Жекелеген саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгеру туралы талапты қосу мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге |
2024 жыл |
МҚІА, ҒЖБМ |
10. |
Мемлекеттік мекемелерге, кәсіпкерлік субъектілеріне, квазимемлекеттік секторға олардың тіл заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуі мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізу, әдістемелік көмек көрсету |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан (жыл сайын) |
ЖАО, |
11. |
Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды БАҚ-та насихаттау |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
2023 – 2029 жылдардағы |
ЖАО, МО |
12. |
Мемлекеттік тілдің беделін арттыруға, қолданылу салаларын кеңейтуге (фестивальдер, кездесулер, акциялар және т.б.), тіл мәдениетін жетілдіруге (тіл туралы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз орамдары, аңыз адамдардың өсиеттері және т.б.) қатысты іс-шараларды ұйымдастыру |
ҒЖБМ-ға нақты нәтижелерді көрсете отырып, атқарылған жұмыс туралы есеп |
2023 – 2029 жылдардағы |
ЖАО, МО, ҰК (келісу бойынша) |
13. |
Саланың табысты тұлғалары қатарындағы спикерлердің кәсіпкерлердің алдында қазақ тілінде сөз сөйлеуін ұйымдастыру |
дерекқор |
2024 – 2029 жылдары, |
ҒЖБМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
14. |
"Тілдер және әдебиет", "Тілдер және әдебиет мұғалімдерін даярлау" бағыттары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын жаңа кәсіптік стандарттарға сәйкес жаңарту |
жаңартылған бағдарлама |
2024 жылғы желтоқсан |
ҒЖБМ |
15. |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу орындарында "Кәсіптік қазақ тілі" пәнін оқыту тіліне қарамастан қазақ тілінде оқыту мәселесін қарау |
білім беру бағдарламасы |
2024 жылғы желтоқсан |
ҒЖБМ |
16. |
Магистратураға, докторантураға түсуге үміткерлердің "ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша В2 деңгейінен төмен емес, ректор лауазымына үміткерлердің С1 деңгейінен төмен емес деңгейде тесттер тапсыруын ұйымдастыру |
ПӘ-ге |
2024 жылғы |
ҒЖБМ |
17. |
"ҚАЗТЕСТ" бағдарламасының негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру |
жыл қорытындысы бойынша есеп |
2023 – 2027 жылдардағы |
ҒЖБМ |
18. |
Мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарында ересектер, оның ішінде азаматтық және мемлекеттік қызметкерлер үшін курстар (қазақ, орыс, ағылшын) ұйымдастыру |
курстар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ЖАО |
4-нысаналы индикатор. Мемлекеттік телеарналарда мемлекеттік тілде көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі (2023 ж. – 70 %, 2024 ж. – 72 %, 2025 ж.– 74 %, 2026 ж.– 78 %, 2027 ж. – 80 %, 2028 ж. – 8 2%, 2029 ж. – 84 %) |
||||
19. |
Балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған мемлекеттік тілдегі танымдық бағдарламалар, жобалар, соның ішінде ойын түріндегі оқыту бағдарламаларын әзірлеу |
бағдарламалар, жобалар |
2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан (жыл сайын) |
МАМ, ОМ |
20. |
Табысты кәсіпкерлердің мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуде қол жеткізген жетістіктерін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау |
телебағдарламалар, мақалалар |
2024 – 2029 жылдардағы желтоқсан (жыл сайын) |
ҒЖБМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) |
5-нысаналы индикатор. Қазақстанда өткізілетін, сондай-ақ шетелде қазақстандық дипмиссиялар ұйымдастырған халықаралық іс-шараларда қазақ тілінің қолданылу үлесі (2023 ж. – 52 %, 2024 ж. – 53 %, 2025 ж. – 54%, 2026 ж. – 58 %, 2027 ж. – 63 %, 2028 ж. – 70 %, 2029 ж. – 75 %) |
||||
21. |
Халықаралық қызметте мемлекеттік тілдегі іс-шаралар ұйымдастыру |
есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
СІМ, МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
22. |
Шетелдік университеттер мен орталықтарға, факультеттерге, сондай-ақ қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту кабинеттеріне әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету |
есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қазан (жыл сайын) |
СІМ, ҒЖБМ, ДҚҚ (келісу бойынша), "Отандастар" қоры |
23. |
Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету |
есеп |
2023 – 2029 жылдардағы қыркүйек (жыл сайын) |
СІМ, ЖАО (шекаралас өңірлер), ДҚҚ (келісу бойынша), "Отандастар" қоры (келісу бойынша) |
24. |
"Абай институты" жобасы аясында қазақ диаспорасына қазақ тілін оқыту жөніндегі бейнесабақтарды әзірлеу және платформаға орналастыру |
бейнесабақтар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
6-нысаналы индикатор. Мемлекеттік органдардағы, ұлттық компаниялардағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі (2023 ж. – 91 %, 2024 ж. – 91,5 %, 2025 ж. – 92 %, 2026 ж. – 92,5 %, 2027 ж. – 93 %, 2028 ж. – 93,5 %, 2029 ж. – 94 %) |
||||
25. |
Мемлекеттік органдардағы және ұлттық компаниялардағы жалпы құжат айналымында мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлестік көлеміне мониторинг жүргізу |
мониторинг қорытындысы |
2023 – 2029 жылдар |
ҒЖМБ, МО, |
26. |
Құжат айналымында мемлекеттік тілдің үлесін арттыруға бағытталған әдістемелік семинарлар ұйымдастыру |
әдістемелік семинарлар |
2023 – 2029 жылдар, |
ҒЖМБ |
27. |
Ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу |
талдамалық |
2024 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, ЖАО |
28. |
Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ете отырып, бұқаралық мәдени, спорттық және өзге де қоғамдық іс-шараларды өткізу |
іс-шаралар, |
2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан (жыл сайын) |
МО, ЖАО, ҰК (келісу бойынша) |
29. |
"Саясаткердің шешендік өнері", "Мемлекеттік қызметшінің көпшілік алдында сөз сөйлеуі", "Ресми мәтін және жазылым дағдылары" тақырыбында курстар, семинарлар, тренингтер ұйымдастыру |
тілдік курстар, семинарлар мен тренингтер |
2024 – 2029 жылдардағы |
МҚІА, МБА (келісу бойынша) |
2-бағыт. Тілдік жоспарлауды іске асыру |
||||
7-нысаналы индикатор. Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін пайдаланатын жазба коммуникациясына қатысушылардың үлесі (2027 ж. – 5 %, 2028 ж.– 10 %, 2029 ж. – 15 %) |
||||
30. |
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі мен емле ережелерінің жобаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізу |
ПӘ-ге ұсыныс |
2023 жылғы |
ҒЖБМ |
31. |
Латынграфикалы әліпби негізіндегі қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктерін, қазақ орфографиясы, орфоэпиясы бойынша анықтамалықтарды, сөз мәдениеті бойынша анықтамалықтарды, практикалық стилистика мен пунктуация бойынша құралдарды, қазақ тілінің үлкен бір томдық сөздігін, қазақ тілінің үлкен 20 томдық сөздігін, жаңа қазақ грамматикасын әзірлеу, басып шығару және тарату |
сөздіктер, анықтамалықтар, |
2024 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ҒЖБМ, |
32. |
Көшу кестесін бекіте отырып, қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиін енгізу бойынша ғылыми-ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар өткізу |
семинар, конференция, конкурс |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
33. |
Қазақстанға импортталатын және елде өндірілетін техникалық құралдарда (компьютерлер, пернетақталар және т.б), сондай-ақ әзірленетін мобильдік қосымшалар мен сайттарда қазақ тілді интерфейстің және қазақ әліпбиі әріптерінің болуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау (әліпби мен емле ережелері бекітілгеннен кейін) |
ПӘ-ге ұсыныс |
2024 жылғы |
ЦДИАӨМ |
34. |
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бейнеблоктар әзірлеу |
бейнеблоктар |
2023 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ҒЖБМ |
35. |
Қазақ тілінің латынграфикалы әліпбиі негізінде қазақ тілін оқытудың ұлттық стандарты мен үлгілік бағдарламасын әзірлеу |
стандарт, үлгілік бағдарлама |
2026 жылғы |
ҒЖБМ, |
36. |
Жергілікті атқарушы органдар жанындағы оқу орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист-ғалымдарды тарта отырып, семинарлар, дәрістер, курстар ұйымдастыру |
семинарлар, дәрістер, курстар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, ЖАО |
37. |
Орфографикалық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Тіл саясатын іске асыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның латын графикасына кезең-кезеңімен көшуге байланысты отырыстарын өткізу (латын графикасына көшуге қатысты өзекті мәселелерді талқылау) |
хаттама |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
3-бағыт. Тіл үйрету әдістемесін жетілдіру |
||||
8-нысаналы индикатор. Жетілдірілген әдістемемен мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткендер саны (2023 ж. – кемінде 41000 адам, 2024 ж. – кемінде 43000 адам, 2025 ж. – кемінде 44000 адам, 2026 ж. – кемінде 45000 адам, 2027 ж. – кемінде 46000 адам, 2028 ж.– кемінде 47000 адам, 2029 ж. – кемінде 48000 адам) |
||||
38. |
Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру үшін қазақ тілін оқытушылар мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру |
іс-шаралар |
2023 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ҒЖБМ, ЖАО |
39. |
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі" республикалық конкурсын өткізу |
конкурс |
2023 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ОМ |
40. |
Қазақ тілін үйрету әдістемесі бойынша ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерді жүйелеудің арнайы ортақ базасын әзірлеу |
база |
2024 жылғы |
ҒЖБМ |
41. |
А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша лексикалық және грамматикалық минимумдар әзірлеу |
грамматикалық минимум |
2024 жылғы тамыз |
ҒЖБМ |
42. |
А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу |
оқулықтар, құралдар |
2024 – 2026 жылдардағы тамыз |
ҒЖБМ |
43. |
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында "Қолданбалы лингвистика", "Компьютерлік лингвистика" мамандықтары бойынша мамандар даярлау |
есеп |
2024 – 2029 жылдардағы шілде (жыл сайын) |
ҒЖБМ |
44. |
Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық конкурс ұйымдастыру |
конкурс |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, ЖАО |
45. |
Этностардың мемлекеттік тілді және ана тілдерін үйренуіне арналған бейнесабақтарды әзірлеу |
бейнесабақтар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, ЖАО |
46. |
Азаматтар үшін "Қазақ тілі" жаппай ашық онлайн курстарын ұйымдастыру |
онлайн курстар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
47. |
Тілдерді оқыту орталықтары оқытушыларының еңбекақысын арттыру мәселесін пысықтау |
ПӘ-ге ұсыныс |
2024 жылғы |
ҒЖБМ |
9-нысаналы индикатор. Мемлекеттік тілді В2 деңгейінде меңгерген оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектеп түлектерінің үлесі (2023 ж. – 45 %, 2024 ж. – 50 %, 2025 ж. – 55 %, 2026 ж. – 60 %, 2027 ж. – 65 %, 2028 ж. – 70 %, 2029 ж. – 75 %) |
||||
48. |
Жалпы орта білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың оқу бағдарламаларын жетілдіру |
оқу бағдарламасы |
2025 – 2029 жылдардағы |
ОМ |
49. |
Қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін жоғарылату (сапалық құрамын арттыру) |
курстар, семинарлар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ОМ |
50. |
Оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін жалпы білім беру ұйымдарында "Қазақ тілі" мен "Қазақ әдебиеті" пәндерін бөлек зерделеу жөніндегі шаралар қабылдау |
оқу бағдарламасы |
2025 – 2029 жылдардағы тамыз (жыл сайын) |
ОМ |
4-бағыт. Қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту |
||||
10-нысаналы индикатор. "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасының мәтіндік базасы көлемінің үлесі (өсу қорытындысымен) (2023 ж. – 12 %, 2024 ж. – 24 %, 2025 ж. – 36 %, 2026 ж. – 48 %, 2027 ж. – 60 %, 2028 ж. – 72 %, 2029 ж. – 84 %) |
||||
51. |
Қазақ тілі ұлттық корпусының кіші корпустарының құрылымы мен мазмұнын (сөйлеу стильдеріне сәйкес) қалыптастыру |
жаңартылған кіші корпустар |
2023 – 2029 жылдардағы желтоқсан (жыл сайын) |
ҒЖБМ, "Тіл білімі институты" ШЖҚ РМК (келісу бойынша), "Тіл-Қазына" КеАҚ орталығы (келісу бойынша) |
52. |
Ашық онлайн энциклопедияны қазақ тіліндегі ғылыми мақалалар, жарияланымдармен, еңбектермен және мәліметтермен толықтыру |
жарияланымдар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, МО |
11-нысаналы индикатор. Реттелген терминологиялық қордың үлесі (2022 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда, өсу қорытындысымен) (2023 ж. – 7,6 %, 2024 ж. –15 %, 2025 ж. – 20 %, 2026 ж. – 25 %, 2027 ж. – 30 %, 2028 ж. – 35 %, 2029 ж. – 40 %) |
||||
53. |
Республикалық терминология комиссиясының отырыстарын өткізу |
хаттамалар, электрондық бюллетень, сараптама қорытындылары |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
54. |
Терминологияның өзекті мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу |
семинарлар, конференция, конкурстар |
2023 – 2029 жылдардағы қараша (жыл сайын) |
ҒЖБМ |
55. |
Қазақ тілі терминологиясының ғылыми негіздерін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдау (қазақ тілінің сөзжасамдық, фонетика-морфологиялық табиғатына сай кірме терминдерді игерудің тиімді модельдерін әзірлеу және процесті автоматтандыру) |
кірме терминдердің базасы |
2023 – 2024 жылдардағы |
ҒЖБМ |
56. |
Бекітілген терминдерге мониторинг жүргізу |
мониторинг нәтижесі |
2023 – 2024 жылдардағы |
ҒЖБМ |
5-бағыт. Қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру |
||||
12-нысаналы индикатор. Мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі (2023 ж. – 83 %, 2024 ж. – 83,5 %, 2025 ж. – 84 %, 2026 ж. – 84,5 %, 2027 ж. – 85 %, 2028 ж. – 85,5 %, 2029 ж. – 86 %) |
||||
57. |
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашыл жобалар өткізуде қолдау көрсету |
акциялар, |
2024 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, МАМ |
58. |
"Мемлекеттік тіл және БАҚ" республикалық конкурсын ұйымдастыру |
конкурстар |
2023 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ, МАМ |
59. |
Мәдениет ұйымдарының (театр, кино) репертуарын қазақтілді жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру |
іс-шаралар |
2023 – 2029 жылдардағы |
МАМ, ЖАО |
60. |
Мемлекеттік тілде инновациялық ІТ-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әзірлеу және шығару |
ІТ-жобалар, шаралар |
2024 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
61. |
Мемлекеттік тілді оқыту мақсатында балаларға, оның ішінде есту қабілеті бұзылған балаларға арналған қазақ тіліндегі танымдық ойындарды әзірлеу |
электрондық ойындар |
2024 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
62. |
Қазақ тілін онлайн оқыту және оны дамыту, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға арналған платформаны кезең-кезеңімен әзірлеу |
онлайн платформа, мобильді қосымша |
2024 – 2026 жылдардағы |
ҒЖБМ |
63. |
Портативті электрондық құрылғы шығару арқылы Брайль әліпбиіне негізделген қазақ тіліндегі білім беру өнімін іске асыру |
электрондық құрылғы |
2024 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
64. |
Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдар, тілдескіштер, сөздіктер, дидактикалық материалдар, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде әрі есту және көру қабілеттері бұзылған адамдар үшін әзірлеу және тарату (латын графикалы әліпби негізінде) |
баспа |
2025 – 2029 жылдардағы |
ҒЖБМ |
65. |
Мемлекеттік тілде баспа өнімдерін (кітаптар), оның ішінде балалар әдебиетін шығару |
баспа |
2025 – 2029 жылдардағы |
МСМ, |
66. |
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған журналдар шығару ("Балапан әлемі", "Тіл және қоғам", "Туған тіл") |
журналдар шығару |
2023 – 2029 жылдар, тоқсан сайын |
ҒЖБМ |
13-нысаналы индикатор. Әзірленген мемлекеттік тілдегі анимациялық өнімдердің көлемі (2023 ж. – 700 минут, 2024 ж. – 1000 минут, 2025 ж. – 1300 минут, 2026 ж. – 1600 минут, 2027 ж. – 1900 минут, 2028 ж. – 2200 минут, 2029 ж. – 2500 минут) |
||||
67. |
Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын анимациялық өнімдерге қолдау көрсету |
есеп |
2023 жылғы |
МАМ |
68. |
0-5 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілдегі мультфильмдер мен танымдық телебағдарламалар әзірлеу |
мультфильмдер мен телебағдарламалар |
2024 – 2029 жылдардағы |
МАМ |
69. |
Танымал шетелдік анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару, "Balapan" телеарнасында және оның YouTube арнасында трансляциялау |
анимациялық фильмдер |
2024 – 2029 жылдардағы |
МАМ |
70. |
Балалардың тілін дамытуға арналған анимациялық фильмдер, сондай-ақ әдебиеттер мен иллюстрациялар (комикстер) әзірлеу |
анимациялық фильмдер, әдебиеттер |
2023 – 2029 жылдардағы |
МАМ
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
"Атамекен" ҰКП |
– |
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ҒЖБМ |
– |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДҚҚ |
– |
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы |
ЖАО |
– |
жергілікті атқарушы органдар |
Қаржымині |
– |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
МАМ |
– |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
МБА |
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару академиясы |
МҚІА |
– |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
МО |
|
мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі) |
ОМ |
– |
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ПӘ |
– |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
СІМ |
– |
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
"Тіл білімі институты" ШЖҚ РМК |
– |
"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны |
"Тіл-Қазына" орталығы КеАҚ |
– |
"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
ҰК |
– |
ұлттық компаниялар ("Kazakh Tourism" ҰҚ" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – АҚ), "Қазақтелеком" АҚ, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ, "Электронды қаржы орталығы" АҚ, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ, "Qazaqgaz" АҚ, "Тау-кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" АҚ, "Қазақстан инжиниринг" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "КЕGОC" АҚ, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Қазақстан Темiр Жолы" АҚ, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ) |
ЦДИАӨМ |
– |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. |