Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 қазанда № 24908 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (25.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (25.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (25.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (25.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесі бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 жылғы № 32 Бұйрығына сәйкес (25.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (25.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.№
Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу және түзету әдістемесін бекіту туралы
Әдістеме өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.04.2022 жылғы № 32 Бұйрығымен (25.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 36 Бұйрығымен (06.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әдістеме өзгертілді ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.07.2023 жылғы № 142 Бұйрығымен (17.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Әдістеме жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 31.07.2024 жылғы № 61 Бұйрығына сәйкес (25.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 14-тармағына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – МЖЖ) және Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың даму жоспарларын (бұдан әрі – МЖЖ құжаттары) әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету жөніндегі тәсілдерді ашады.
1) декомпозиция – мақсаттарды, көрсеткіштерді, міндеттер мен іс-шараларды МЖЖ-нің жоғары тұрған құжаттарынан МЖЖ-нің төмен тұрған құжаттарына бөлу немесе дәйекті көшіру процесі;
2) мақсат қою құжаттары – «Қазақстан – 2050» пайымы және Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы;