1-тармақ осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
«Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына үш тәулікке дейінгі мерзімге орналастыруды қамтамасыз етеді.».
2-тармақ осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
«10-2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;»;
2) 144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;».
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
«1) адам ағзасы – организмнің тіршілік етуін қолдау үшін қажетті белгілі бір физиологиялық функцияны атқаратын адам денесінің бір бөлігі;
2) адам жасушалары – адам организмінің биологиялық бірліктері, олардың әрқайсысы генетикалық ақпаратты қамтиды және организмнің тіршілік етуін қолдау үшін ерекше функцияны атқарады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тiршiлiк ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи және жасанды) табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторларының жиынтығы;
Полная версия

