Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабы 15-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 қарашада № 37371 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес есепке алу-бақылау маркаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидалары және қамтамасыз ету мөлшері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрыққа 1-қосымша
Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 175-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
2-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі
2. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жатады.
Полная версия

