Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 18), 21) және 24) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1, 6-2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осындай шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын, сондай-ақ Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар жеке тұлғаның банктік шотына түскен ақшаның жиынтық сомасы бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен тізбесін және осындай операцияларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37396 болып тіркелді
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрыққа 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Полная версия

