Близость слов: Окончание:





Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 110 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 6 қаңтарда № 37809 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 110
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
 2025 жылғы «__» ______ _____
 № __ қаулысымен
бекітілді
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары
1. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзысының 48) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Ұйымдар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды қоса, есептілікті ұсыну тәртібі, кезеңділігі мен мерзімі айқындалады.
2. Ұйымдар есептілікті Ұлттық Банкке есептілікті ұсыну сервистеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-порталы» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынады.
3. Ұйым басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырған есептілік электрондық форматта сақталады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін Ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының долларымен көрсетіледі.
Полная версия
ИС BestProfi