БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 87-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 25 ақпанда № 38038 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының жүзінші және жүз тоғызыншы абзацтарын;
3) 2026 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының жүз оныншы, жүз елу төртінші, жүз жетпіс төртінші, екі жүз он төртінші, екі жүз отыз бірінші, екі жүз отыз екінші, екі жүз отыз үшінші, екі жүз қырық жетінші, екі жүз елу жетінші және екі жүз сексен екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Е. Аккенженов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2026 жылғы 23 ақпандағы № 87-н/қ Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:
«1. Осы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің энергия өндіруші ұйымдарынан және электр энергиясын жеткізушілерден (өндірушілерден) электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығының ішкі субъектілеріне және басқа елдердің тұтынушыларына сату, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларын айқындау, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығы тұтынушылары үшін тарифтерді саралау арқылы атаулы қолдауды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшісінің, инвестициялық тарифті алушылардың, үкіметаралық тарифті алушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін есептеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындарды бөлу, электр энергиясының шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушысына сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындау, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы шарттар жасасу жағдайлары мен тәртібін айқындайды.»;
Полная версия

