Близость слов: Окончание:





Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 3 маусымда № 38896 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жариялағанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1- тармақтың төртінші және бесінші абзацтарын, 2- тармақтың оныншы, он бірінші,он екінші, он үшінші, он төртінші,он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші,он тоғызыншы абзацтарын, 3- тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші абзацтарын, тізбенің 4 және 5- тармақтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С. Жумангарин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 2 маусымдағы
№ 64 Бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбе
1. «Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10598 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану қызметі үшін біліктілік талаптары мен оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тiзбесінде:
«Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі үшін» деген 1-бөлімде:
4) реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

4)

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы

құқық белгiлейтiн құжаттар, оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу, қосымша жалға алу шарты бойынша алғанын куәландыратын көшірме

меншiк құқығында ғимараттар немесе үй-жайлардың болуы туралы ақпаратты лицензиар «Жылжымайтын мүлікті тіркеу» мемлекеттік деректер қорының цифрлық жүйесі арқылы алады

6) реттік нөмірінің жолы мынадай редакцияда жазылсын:

6)

электр энергиясын, оның ішінде коммуналдық меншіктегі және бір мезгілде қызметін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы

электр энергиясын кемінде отыз мың тікелей қосылған тұтынушылардың, оның ішінде жалпы үй желілері арқылы бар екенін растайтын құжаттардың көшірмелері:

1) тұтынушының тегі, аты және әкесінің аты көрсетілген тұрмыстық тұтынушылар тізілімі, абоненттік нөмірі;

2) тұрмыстық емес тұтынушылар тізілімі (оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғалар бойынша) – заңды тұлғаның атауы, электрмен жабдықтау шартының нөмірі

көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларының болуы Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасалатын өтініш берушіге бару және (немесе) шақыру арқылы рұқсат беру бақылауын жүргізу жолымен белгіленеді

Полная версия
ИС BestProfi