Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заңы
Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды, мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 08.07.2005 жылғы № 69 Заңымен  (21.04.2005 ж. редакциясын қараңыз)
Құжат мәтініндегі «ставкаларды», «ставкасының», «ставкалар», «Ставкалар», «ставкалары», «ставкасын», «ставкасы», «ставкасына», «ставканың», «ставкаларын» сөздері «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелер», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемелерін» сөздерімен; «процентінен», «процентін», «процентімен», «процент», «проценттен», «проценті», «проценттік», «процентсіз» сөздері «пайызынан», «пайызын», «пайызымен», «пайыз», «пайыздан», «пайызы», «пайыздық», «пайызсыз» сөздерімен; «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлендірілген» сөздері «үлестес», «үлестестігі», «үлестес» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.11.2014 жылдан бастап)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 02.07.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «және терроризмді қаржыландырудың», «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер тиісінше «, терроризмді қаржыландырудың және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырудың», «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңына сәйкес (16.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I Бөлiм. Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2003 жылғы № 483 Заңымен (09.07.2003 ж. редакцияны қараңыз) (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен (қайта тіркеумен) және банк операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
3-1. Қазақстан Республикасында қалқа-банктерді құруға немесе олардың қызметіне тыйым салынады.
1-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 19.09.2025 № 219-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
1-1-бап. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1-тарау 1-1-баппен толықтырылды ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Банк қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, Қазақстан Республикасында тұрақты банк жүйесін құру мен ұстап тұру, Қазақстан Республикасы банк жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру, депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты банк секторын құру мен ұстап тұру және Қазақстан Республикасы банк секторының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының банк секторын реттеу, банк қызметін бақылау және қадағалау;
3) депозиторлар мен кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
3. Банк қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың қызметін реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылар қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) банктер мен Қазақстан Республикасының банк секторына өзге де қатысушылардың жауапкершілігі.
Полная версия
ИС BestProfi