1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заңы
Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды, мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 08.07.2005 жылғы № 69 Заңымен (21.04.2005 ж. редакциясын қараңыз) Құжат мәтініндегі «ставкаларды», «ставкасының», «ставкалар», «Ставкалар», «ставкалары», «ставкасын», «ставкасы», «ставкасына», «ставканың», «ставкаларын» сөздері «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемесінің», «мөлшерлемелер», «Мөлшерлемелер», «мөлшерлемелері», «мөлшерлемесін», «мөлшерлемесі», «мөлшерлемесіне», «мөлшерлеменің», «мөлшерлемелерін» сөздерімен; «процентінен», «процентін», «процентімен», «процент», «проценттен», «проценті», «проценттік», «процентсіз» сөздері «пайызынан», «пайызын», «пайызымен», «пайыз», «пайыздан», «пайызы», «пайыздық», «пайызсыз» сөздерімен; «аффилиирленген», «аффилиирленгені», «аффилиирлендірілген» сөздері «үлестес», «үлестестігі», «үлестес» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 18.11.2014 жылдан бастап) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 19.06.2024 № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 21.12.2024, 01.05.2026 жылдардан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 04.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
I Бөлiм. Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2003 жылғы № 483 Заңымен (09.07.2003 ж. редакцияны қараңыз) (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 жылғы № 30-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі – Корпорация) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен (қайта тіркеумен) және банк операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясының болуымен айқындалады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.04.2019 жылғы № 241-VІ Заңына сәйкес (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 12.07.2022 № 138-VII Заңымен (04.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 20.11.2008 № 88-IV Заңымен (23.10.2008 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 12.02.2009 №133-IV Заңымен (10.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 13.02.2009 № 135-IV Заңымен (12.02.2009 ж. редакцияны қараңыз) 2-бапөзгертілді ҚР 11.07.2009 № 185-IV Заңымен (20.02.2009 ж. редакцияны қараңыз) 2-бап өзгертілді ҚР 28.12.2011 № 524-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-бап өзгертілді ҚР 12.01.2012 № 539-IV Заңымен (28.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 2-бап өзгертілді ҚР 05.07.2012 № 30-V Заңымен (21.06.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;
1-1) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы – сауда-саттық өткізу үшін қатысушыларға инфрақұрылымды қамтамасыз ететін, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылатын интернет-ресурс;
2-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;
2-1) банкаралық клиринг – төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;
3) банк конгломераты – банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;
3-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Полная версия