1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесі бекітілсін.
Внимание! Документ утратил силу с 09.08.2011
Жекешелендіру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысы. (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 27, 317-құжат)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 09.08.2011 № 920 Қаулысымен (18.06.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 18.06.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендіру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Жекешелендіру объектілерін сату жөнінде жабық тендерлер өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 126 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 6, 35-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3050 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 13 тамыздағы N 1001 қаулысының 2-тармағының үшінші абзацы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті екі айлық мерзімде бұрынырақта қабылданған ведомстволық шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысымен бекiтiлген
Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi
Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта жекешелендiру объектiлерiн сатудың тәртiбiн реттейдi.
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.12.2001 № 1639, 11.04.2003 № 350 Қаулыларымен. (26.06.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Сатушы" - Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық меншiк пен коммуналдық меншiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк етуге уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдар;
2) "Ұйымдастырушы" - жекешелендiру объектiлерiн дайындауды және сатуды ұйымдастырушы заңды немесе жеке тұлға; Сатушы Ұйымдастырушы бола алады.
2-1) "Қаржы кеңесшiсi" - жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткiзу кезiнде Сатушы тартатын тұлға;
3) "Жекешелендiру объектiсi" - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттік кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме; жекешелендiрiлуi тұйықталған технологиялық циклдi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; кәсiпорынның мүлкi; акциялар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртіппен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген өзге де мемлекеттiк мүлiк;
Полная версия