Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.09.2014
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 24.09.2014 жылғы № 1011 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.06.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті болып;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық органдары;
3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мемлекеттік мекемелері – аумақтық жер инспекциялары;
4) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті міндеттемелері мен мүлкін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне бере отырып таратылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.08.2013 жылғы № 767 Қаулысымен (08.02.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі                           С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 8 ақпандағы
№ 109 қаулысына
1-қосымша
Полная версия
ИС BestProfi