Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысы
Редакция 18.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже  (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің обаға қарсы станциялары – мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;
6) «Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
7) «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 15.11.2016 жылғы № 704 Қаулысымен (31.08.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті осы қаулыға 4-қосымшада  көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті осы қаулыға 5-қосымшада  көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Осы қаулыға 6-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері мен Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері бірігу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
Полная версия
ИС BestProfi