Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 164 Қаулысы       
Редакция 16.02.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң шекарадағы және көлiктегi мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау аймақтық бөлiмшелерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекциялары - мемлекеттiк мекемелерi және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң шекарадағы және көлiктегi аймақтық мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау бөлiмшелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, тиiстi қажеттi материалдық-техникалық құралдарды және өзге де мүлiктi Комитетке берудi қамтамасыз етсiн.
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995 Қаулысымен. (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi; 
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекiтiлсiн.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995, 22 (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).05.2007 № 205 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
5. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.10.2007 № 995 Қаулысымен (02.03.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1)  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 15.04.2008 № 339 Қаулысымен. (28.02.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат): 
1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:
1) тармақшадағы "және iске асыру" деген сөздер алынып тасталсын; 
Полная версия
ИС BestProfi