1. Оның жарғылық капиталына мемлекет 50 пайыз қатысатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
"Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 207 Қаулысы
Редакция 19.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне құрылатын Қоғамның жарғылық капиталында Қазақстан Республикасының елу пайыз үлесiн қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнің резервiнен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Құрылтай шарты мен Жарғыға қол қою күніне белгiлеген бағам бойынша 200000 (екi жүз мың) АҚШ долларына баламалы мөлшерде ақша бөлсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.04.2005. № 390 қаулысымен. (04.03.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) "М.В. Хруничев атындағы Мемлекеттiк ғарыштық ғылыми-өндiрiстiк орталығы" федералдық мемлекеттiк бiртұтас кәсiпорнымен Қоғам құру туралы құрылтай шартын жасасуды;
2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берудi;
3) Қоғамды құру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-61-жолмен толықтырылсын:
"21-61 "Бәйтерек" бiрлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 281-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне
281. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ";
3) "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 54-жолмен толықтырылсын:
"54. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ (Астана қаласы) 50%;
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен (26.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Полная версия