Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009 жылғы № 1272 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Тақырып өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 02.04.2014 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 2 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.08.2015 жылғы № 617 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 17.04.2015 жылғы № 236 Бұйрығын қараңыз
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 02.04.2014 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат).
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидалары
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.08.2009. № 1272 Қаулысымен (28.12.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.05.2013 жылғы № 562 Қаулысымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 13.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды.
Қағида өзгертілді ҚР Үкiметiнiң 02.04.2014 жылғы № 308 Қаулысымен (30.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2014 жылы № 67 (28291) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияландыа
1. Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру тәртібін айқындайды.
2) әлеуметтік аударымдарды төлеуші (бұдан әрі – төлеуші) – Заңда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
4) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі – алушы) – әлеуметтік қатер басталғанға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда – қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
5) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
6) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – орталық) – өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;