Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 319 Қаулысы
Редакция 28.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 226 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті;
3) Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті болып;
4) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 32 Қаулысымен; (09.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 32 Қаулысымен; (09.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.01.2013 № 32 Қаулысымен. (09.11.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 12 наурыздағы
 № 319 қаулысына
 1-қосымша
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Достық үйi - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына.
Полная версия
ИС BestProfi