Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.02.2013
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 452 Қаулысы       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 28.02.2013 № 195 қаулысымен (31.12.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1426 (01.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(31.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.05.2008 № 506 Қаулысымен (02.06.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Редакция 31.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының "Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі және "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1426 Қаулысымен (01.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(31.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1426 Қаулысымен (01.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(31.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 2 маусымдағы
 N 452 қаулысымен
 бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау ережесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Ереже алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 № 1426 Қаулысымен (01.08.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(31.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 2 маусымдағы
 N 452 қаулысымен
 бекітілген
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
Біліктілік талаптары жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.06.2012 № 778 (31.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Бастауыш білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары:
2) жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санының 20 %-нан кем болмауы;
3) білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 15 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы;
4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы;
5) білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы;
Полная версия
ИС BestProfi