"Мiндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына
Документ показан в демонстрационном режиме!
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007 № 1381 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы редакция 30.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007 № 1381 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген
Әлеуметтiк аударымдарды есептеу және аудару ережесi
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1381 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк аударымдарды есептеудің және аударудың тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды.
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1381 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1. Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры (бұдан әрi - Қор) - әлеуметтiк аударымдарды жинауды және мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыдан - асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерiн қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтiк қатер жағдайы басталған мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушыларға төлемдi жүргiзетiн заңды тұлға.
2. Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - әлеуметтік аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзi жұмыспен қамтыған адам.
3. Әлеуметтік аударымдар - Қорға төленетiн, заңда белгiленген мiндетті төлемдер.
4. Әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсінің шамасына қарай пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн міндетті төлемдердiң тiркелген мөлшерi.
2. Әлеуметтік аударымдарды есептеудiң және аударудың тәртiбi мен мерзiмi
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1381 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi.
Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2007. № 1381 Қаулысымен (24.08.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия