Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2016
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199
Атау өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 207 Қаулысына сәйкес
Редакция 28.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
3-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
N 266 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесі
1. Жалпы ережелер
Тақырып өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.04.2013 жылғы № 117 Қаулысымен (24.08.2009 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2013 жылғы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1. Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4. Банктiк шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.01.2006 жылғы № 2 Қаулысымен (21.04.2003 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.08.2009 жылғы № 85 Қаулысымен (09.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 30.09.2011 жылғы № 132 Қаулысымен (01.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ағымдағы және жинақ шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.  
Полная версия
ИС BestProfi