Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.06.2022
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 126 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 02.06.2022 жылғы № 355 Қаулысына сәйкес 
Редакция 24.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
«36. Кадрлық және ұйымдастырушылық сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестік мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің қорытындысы теріс болған жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, қаулының жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.»;
78-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілетін Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің жобаларына әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшылары міндетті түрде бұрыштама соғады.»;
«2) Премьер-Министр (Премьер-Министрдің міндетін атқарушы тұлға), Кеңсе Басшысы, жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның әрі Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің, басшылары бұрыштама соққан Президент актісінің тиісті бланкідегі жобасы. Мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бұрыштамалары Президент Жарлығы жобасының келісу парағына ғана қойылады. Президент актісінің жобасы мен оған қосымшаның әр парағына жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы қол қоюы тиіс.
Премьер-Министрдің Кеңсесінде пысықталған Президент актісінің енгізілетін жобасына Үкіметке енгізілген Президент актісінің әзірлеуші органның, Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің бірінші басшыларының бұрыштамасы бар жобасын қоса тіркеуге рұқсат етіледі;»;
«88-1. Заң жобалары Конституцияға, заңнамалық актілерге сәйкестігі мәніне заңдық сараптама жүргізуге жауапты Әділет министрлігімен, сондай-ақ заң жобасын республикалық бюджет қаражатымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне, халықаралық экономикалық интеграция, сауда қызметі бағыттарына, мемлекеттік басқару жүйесін дамытуға, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі басымдықтарына сәйкестігі мәніне сараптама жүргізуге жауапты Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен міндетті түрде келісілуге тиіс. Әділет және/немесе Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері теріс қорытынды берген жағдайда, егер Премьер-Министр өзгеше айқындамаса, заң жобасы Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізілмейді.»;
«98-2. Таныстыруға заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы және лауазымды тұлғалары, тиісті заң жобасын келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары, заң жобасын әзірлеуге қатысқан коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғылыми сараптама жүргізуді жүзеге асырған сарапшылар шақырылады. Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары заң жобаларын таныстыруға міндетті түрде қатысады.»;
«101. Үкіметтің бастамасы бойынша Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілетін заң жобаларының түпнұсқаларына міндетті түрде: заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік органның, Әділет және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің басшылары, Кеңсе Басшысы және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) бұрыштама соғуға тиіс. Үкімет бланкісіне шығарылған заң жобасына түсіндірме жазбаға Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (оның міндетін атқарушы тұлға) қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқалары Парламент Мәжілісіне қағаз және электрондық тасығыштарда (электрондық құжаттар форматында) енгізіледі.»;
Полная версия
ИС BestProfi