Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2013
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 136 және 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 166 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы № 852 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 21.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 21.01.2012 жылғы № 148 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 29, 359-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесінде:
кіріспенің екінші абзацындағы «Шет ел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы » деген сөздерден кейін «, «Босқындар туралы » деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.»;
бірінші абзацтағы «Жеке басты куәландыратын құжаттарды,» деген сөздердің алдынан «Босқын куәлігінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Босқын куәлігін босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.»;
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«босқын мәртебесін беру туралы қолдаухаттың негізінде беріледі.»;
29-тармақ үшінші абзацтағы «азаматтығы жоқ адамдар» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шетелдіктер және босқын мәртебесін алған азаматтығы жоқ адамдар»;
бірінші абзацтағы «Тіркеуге жататын адамдар» деген сөздердің алдынан «Босқындарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Босқындар уәкілетті органда тіркелу үшін бес күн мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган берген тіркеуге арналған жолдама;
уәкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат.».
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.01.2012 жылғы № 148 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.05.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi