Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.08.2013
Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 Қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 26.08.2013 жылғы № 852 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Азаматтардың еркін жүріп-тұруына және тұрғылықты жерін таңдауына конституциялық құқықтарын іске асыру, халықты құжаттандыру және есепке алу жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін қолдану туралы нұсқаулықты әзірлесін және бекітсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы № 736 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
3. Орталық атқарушы органдар бір айлық мерзімде өздерінің нормативтік құқықтық кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2000 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2000 жылғы 12 шілдедегі
 N 1063 қаулысымен
 бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру қағидалары
Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Конситуциясының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы, «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы, «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына негізделген және Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру тәртібін айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
1. Жеке басты куәландыратын құжаттар және олардың түрлері
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болуы керек.
2. Адамның жеке басын куәландыратын құжаттар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2010 жылғы № 166 Қаулысымен (27.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты; 
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты;
3. Жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады.
4. Уәкілетті орган иесінің қалауы бойынша, жеке басты куәландыратын құжатты мемлекеттік немесе орыс тілінде, ал Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, сонымен қатар ағылшын тілінде толтырады.
5. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың қалауы бойынша, жасына қарамастан беріледі.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2010 жылғы № 166 Қаулысымен (27.08.2009 ж. редакцияны қараңыз);
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2007 жылғы № 352 Қаулысымен (08.12.2006 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.08.2010 жылдан бастап); 
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2008 жылғы № 1235 Қаулысымен (17.08.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз);
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2009 жылғы № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазулар мен белгілер енгізіледі: 
1) шетелге шығуы туралы рұқсат ету жазбасы; 
2) төлқұжат иесімен бірге шетелге шығып бара жатқан 16 жасқа дейінгі балалар туралы жазба, үш жастан асқан балалар шығатын жағдайда олардың фотосуреттері жапсырылады; 
4) шекарадан өткені туралы шекаралық бақылау-өткізу пунктінің белгісі; 
5) төлқұжаттың күшінде болу мерзімінің ұзартылғаны туралы белгі енгізіледі. 
Төлқұжатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қоятын белгілер, олардың нысандарын уәкілеттi органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi белгілеген, мөртаңбалармен ресімделеді. Төлқұжатта қандай да бір басқа белгілер жасауға тыйым салынады. 
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Азаматтың өтініші бойынша төлқұжаттың қолданылу мерзімін уәкілетті орган тағы бір жылға ұзартуы мүмкін.
6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында пайдалануға жарамды болады. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтардың жеке куәлігі болуы керек. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі он жыл мерзімге беріледі.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.06.2004 жылғы № 626 Қаулысымен (03.03.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.04.2007 жылғы № 352 Қаулысымен (08.12.2006 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 13.08.2010 жылдан бастап); 
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2009 жылғы № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
7. Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын, 16 жасқа толған азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ адамның куәлігі беріледі. Азаматтығы жоқ адамның куәлігі иесінің жеке басын республика аумағында және одан тыс жерлерде растау үшін 10 жыл қолданылу мерзімімен беріледі. Шетелге ата-анасынсыз, қорғаншысыз, қамқоршысыз шығу кезінде азаматтығы жоқ адамның куәлігі 16 жасқа толмаған адамдарға да берілуі мүмкін.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.12.2008 № 1235 Қаулысымен (17.08.2007 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
8. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхаты 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге, он жылға қолданылу мерзімімен, бірақ оның азаматы болып табылатын ел паспортының қолданылу мерзімінен артық емес мерзімге беріледі.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2009 жылғы № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
Қоныстану ықтиярхаты иесінің жеке басын Қазақстан Республикасының аумағында куәландырады. 
Шетелге шыққан кезде шетелдіктің жеке басын оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты куәландырады. 
Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ыхтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
8-1. Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының босқындар туралы  заңнамасында белгіленген тәртіппен босқын мәртебесі берілген шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Ереже 8-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 03.03.2010 жылғы № 166 Қаулысына сәйкес
9. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте тұрған, басқа мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің, офицерлері мен прапорщиктерінің жеке басы әскери бөлімнің қолбасшылығы және әскери мекемелер берген әскери билет бойынша және оның азаматы болып табылатын елдің төлқұжаты бойынша куәландырылады.
2. Жеке басты куәландыратын құжаттарды беру, алып қою және пайдалану тәртібі
10. Босқын куәлігінен басқа, жеке басты куәландыратын құжаттарды, осы Ережеде көзделген құжаттардың негізінде, тиісті адамның өтініші бойынша уәкілетті органдар береді.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004 жылғы № 260 Қаулысымен (22.08.2002 ж. редакцияны қараңыз);
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2006 жылғы № 1184 Қаулысымен (21.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған);
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2010 жылғы № 166 Қаулысымен  (27.08.2009 ж. редакцияны қараңыз);
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы № 736 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Босқын куәлігін босқындар мәселелері жөніндегі қатынастарды реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді.
Ішкі істер органдары Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлік пен төлқұжат беретін уәкілетті органдар болып табылады.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасының мына азаматтарына ресiмделедi: 
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқандарға; 
шет мемлекеттердiң аумағында орналасқан оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында бiлiм алушыларға; 
шет мемлекеттерде кемiнде бiр жыл мерзiмге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс iстеп жатқандарға; 
көрсетілген адамдардың олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне; 
шетелде дипломатиялық қызметтiң персоналымен бiрге тұратын және Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты алуға құқығы жоқ дипломатиялық қызмет персоналының туысқандарына. 
Iшкі iстер органдары Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты мен азаматтығы жоқ адамның жеке куәлiгiн беру жөнiндегі уәкілетті органдар болып табылады.
11. Жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай құжаттардың:
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.02.2005 жылғы № 140 Қаулысымен (05.06.2004 ж. редакцияны қараңыз);
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2006 жылғы № 1184 Қаулысымен (21.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған);
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2010 жылғы № 166 Қаулысымен  (27.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының; 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес азаматтығын өзгерту туралы анықтаманың;
босқын мәртебесін беру туралы қолдаухаттың негізінде беріледі.
Осы Ереженiң 10-тармағының үшiншi абзацында көрсетiлген адамдар жоғарыда көрсетiлген құжаттардан бөлек, сондай-ақ олардың тұру; оқу; жұмыс iстеу отбасылық жағдайы фактiсiн; растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
12. Жеке басты куәландыратын құжаттар берілгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төлем алынады. Оған құжатты ресімдеудің нақты шығындарымен байланысты шығындар кіреді. 
13. Жеке басты куәландыратын құжаттарды құжаттандырылушы адамның тұрақты тұратын (тіркелген) орны бойынша уәкілетті органдар береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004 жылғы № 260 Қаулысымен (22.08.2002 ж. редакцияны қараңыз);
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 17.08.2007 жылғы № 696 Қаулысымен (30.04.2007 ж. редакцияны қараңыз);
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы № 736 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Тұрақты тұрғылықты жері болмаған кезде жеке басын куәландыратын құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша тұратын жері бойынша немесе заңнамада белгіленген тәртіппен ішкі істер органдары растайтын нақты тұрған жері бойынша беріледі.
14. Жеке басты куәландыратын құжаттар толтырылғанда тегі, аты, әкесінің аты және басқа да деректер, оларды беруге негіз болған құжатқа сәйкес жазылады.
15. Төлқұжаттағы және жеке бас куәлігіндегі ұлты туралы жазу ата-анасының ұлтына сәйкес жазылады. Ата-анасы әр ұлттан болғанда азаматтың әкесінің немесе шешесінің ұлтын өз еркімен таңдап алуға құқығы бар. Ата-анасының ұлты белгісіз болған жағдайда, оны қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес құжат иесі айқындайды. Қазақстан Республикасының азаматы ұлтын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгертуі мүмкін.
16. Жеке басты куәландыратын құжаттар егер: 
адамды идентификациялау мүмкін болмаса; 
оларға өзгерістер заңсыз енгізілсе немесе оған адамды идентификациялаумен байланысты өзгерістер енгізу қажет болса; 
оларда осы Ережелерде көзделген жекелеген жазбалар болмаса немесе ол жазбалар ақиқатқа сәйкес келмесе; 
олар иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмесе жарамсыз болып табылады.
17. Жеке басты куәландыратын жарамсыз құжаттарды уәкілетті органдар белгіленген  тәртіпте алып қоюға тиіс.
18. Адамда жеке басты куәландыратын бір тектес бірнеше құжаттар болғанда, жарамдысынан басқасы түгел алынып қойылады.
19. Жеке басты куәландыратын құжатты заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте тергеу органдары, анықтау органдары немесе сот алып қоюы мүмкін.  
Жеке басты куәландыратын құжаттарды кепілге алуға және тапсыруға, сондай-ақ қолданыстағы заңнамамен және осы Ережемен көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды алып қоюға тыйым салынады.
20. Азаматтар жеке басты куәландыратын құжаттарды ұқыпты сақтауға, оларды жоғалтқан жағдайда жаңасын алу үшін тұрақты тұратын (тіркелген) жері бойынша ішкі істер органдарына өтініш жасауға міндетті. Шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтары төлқұжатын жоғалтқанда Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне өтініш жасайды.
20-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы № 736 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
21. Жеке басты куәландыратын құжаттар құзыретті органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша көрсетіледі.
22. Шетелде тұрақты тұруға кетіп бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары жеке бас куәліктерін ішкі істер органдарына тапсырады.
22-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы № 736 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
23. Табылған жеке басты куәландыратын құжаттар және өлген адамдардың құжаттары уәкілетті органдарға тапсырылады. Олар қалыптасқан жағдайға байланысты: оларды иесіне қайтарады; белгіленген тәртіпте жояды; иесі соның азаматы болып табылатын (болған) шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдігіне тапсырады.
23-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.03.2004 жылғы № 260 Қаулысымен (22.08.2002 ж. редакцияны қараңыз)
24. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары алынып қойылады және үкімді орындаушы мекемелерде сақталады. Жаза мерзімін өтегеннен кейін олар иелеріне қайтарылады.
25. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлікті жоғалтқанда немесе ол одан әрі пайдалануға жарамсыз болғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан адамдарға, олар жеке басты куәландыратын жаңа құжаттар алғанға дейін, үш айға дейінгi мерзімде қолданылатын уақытша жеке куәлік беріледі. Уақытша куәлік Қазақстан Республикасының аумағында жарамды болады.
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.02.2005 жылғы № 140 Қаулысымен (05.06.2004 ж. редакцияны қараңыз);
25-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.08.2009 жылғы № 1260 Қаулысымен (24.12.2008 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
Шетелде уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтарына төлқұжатты жоғалтқан жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасына кіруге және тұрақты тұратын жеріне оның аумағы бойынша жүріп өтуге жарамды болатын қайтып оралу куәлігін береді. 
Уақытша жеке куәлік және қайтып оралу куәлігі қысқа мерзімде пайдаланылатын құжаттар болып табылады. Олар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға болмайды.
26. Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық, қызметтiк паспорты және теңiзшiсі паспорты берiлуi мүмкiн". .
26-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.08.2002 жылғы № 941 Қаулысымен (12.07.2000 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тарау алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тарау алынып тасталды ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
4. Халықты құжаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
41. Халықты құжаттандыру қағидаларын сақтау үшін жауапкершілік өздеріне қатысты бөлігінде жеке басты куәландыратын құжаттардың иелеріне жүктеледі.
41-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.12.2011 жылғы № 1427 Қаулысымен (30.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (жарияланбаған)
42. Осы Ережені бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты болады.
43. Осы Ереженің сақталуына бақылау жасауды ішкі істер органдары жүзеге асырады.
43-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы № 736 Қаулысымен (03.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
44. Егер, Қазақстан Республикасы оған қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Ережеде көрсетілгендерден өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2000 жылғы 12 шілдедегі
 N 1063 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасындағы паспорт жүйесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 10, 124-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 256 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 наурыздағы N 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 11, 79-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі N 256 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 наурыздағы N 314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 12, 82-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке басының куәліктерін айырбастау мен берудің мерзімін ұзарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 45, 406-құжат).
5. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Заңының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 маусымдағы N 552 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету туралы ереженің" 13-тармағының екінші сөйлемі (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 25, 306-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi