Қазақстан Республикасында күзет қызметiн ретке келтiру мақсатында және "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1433 қаулысы
Редакция 05.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі Қазақстан Республикасының аумағында күзет қызметiн бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің мынадай мамандандырылған күзет бөлiмшелерi мемлекеттiк мекемелерi:
1) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкі;
2) 1-қосымшаға сәйкес мамандандырылған күзет қызметiнің Республикалық бас басқармасы, облыстық (қалалық) басқармалары, қалалық және аудандық бөлiмдерi (бөлiмшелерi) құрылсын.
2-2) ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимиті шегінде үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкі.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1151 Қаулысымен (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Күзет" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - "Күзет" РМК) таратылсын және 2-қосымшаға сәйкес "Күзет" РМК-ның еншiлес кәсiпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Алып тасталды ҚР Үкіметінің 07.10.2011 № 1574 Қаулысымен (22.06.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(21.01.2012 бастап күшіне енеді)
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын мемлекеттiк мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.06.2012 № 753 Қаулысымен; (21.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
2) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 05.08.2013 жылғы № 796 Қаулысымен (07.06.2012 ж. редакцияны қараңыз)
3) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақшаның күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.06.2005. № 607 қаулысымен. (04.04.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
7. "Қазақстан Республикасында меншiктiң барлық нысанының күзетi саласындағы қызметті реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 тамыздағы N 671 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 31, 364-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы, оның 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 2, 3-тармақтарын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Полная версия