Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 291 қаулысы
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (09.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес «Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.05.2015 жылғы № 18-1/429 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (09.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 сәуiрдегi N 421 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 жыл, N 19, 188-құжат);
2) "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктілiгiн арттыру институтын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 454 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген өзгерiстердiң 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 жыл, N 13, 158-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 наурыздағы N 291 қаулысымен бекiтілген
Мемлекеттік орман күзеті туралы ереже
Тақырып жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (09.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк орман күзетi (бұдан әрi – мемлекеттік орман күзетi) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерiмен айналысатын орман мекемелерiнiң қызметкерлерiнен тұрады.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 07.11.2012 № 1413 (09.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік орман күзетiне Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес мемлекеттік орман қорын күзету мен қорғау ережесiн, орман пайдалануды жүзеге асырудың, мемлекеттiк орман қоры жерлерiнiң нысаналы мақсатына сәйкес оларды пайдаланудың белгiленген тәртiбiн бұзуды тыю және оның алдын алу жөнiнде, сондай-ақ орманға зиян келтiретiн басқа да iс-әрекеттердi тыю және олардың алдын алу жөнiнде құқықтар беріледi.
2. Мемлекеттiк орман күзетiнiң мiндеттерi
3. Мемлекеттік орман күзетiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау және жою жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және жүргiзу;
2) мемлекеттiк орман қорының аумағындағы барлық жұмыс iстеушiлердiң және онда орналасқан ұйымдардың, сондай-ақ орманда жүрген жеке тұлғалардың ормандардағы өрт қауiпсiздiгi ережесi мен санитарлық ереженi сақтауын қамтамасыз ету;
3) ормандарды заңсыз ағаш кесуден, зақымданудан, талан-таражыға салудан және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудың басқа да әрекеттерiнен күзету, coндай-ақ мемлекеттік орман қоры жерлерiн күзету;
Полная версия