1. Қоса беріліп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.06.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 543 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
2. Мыналардың:
1) "Шаруашылық қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін және оларды міндетті мемлекеттік лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 10-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 340 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 185-құжат);
3)«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 19 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 мамырдағы N 423 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 18, 172-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы»27»маусымдағы N 543 қаулысымен бекітілген
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесі
Жерді және жер қойнауын пайдалану
1. Улы, радиоактивті және тағы басқа қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлердің техникалық рекультивациясы.
2. Учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі карьерлерді әзірлеу.
3. Учаске алаңы 25 гектардан артық болған кезде тау-кен өнімдерін әзірлеу.
Су ресурстарын пайдалану
4. Су объектілерінің ластануына және тығындалып қалуына әкеп соғатын ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивті материалдарды өндірістік мақсатта пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстардың су жинайтын алаңдарына салу және орналастыру.
5. Өнімділігі 150 мың эквивалентті тұрғындардан астам ағынды суларды тазалау станцияларының қызметі.
Полная версия