Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы
Осы редакция 17.05.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Агенттің 2009 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 49944921 (қырық тоғыз миллион тоғыз жүз қырық төрт мың тоғыз жүз жиырма бір) теңге мөлшерінде бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 02.07.2009 № 1024 Қаулысымен. (13.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2007. № 554; 13.05.2008 № 450
 02 (29.11.2006 жылғы редакцияны қараңыз).07.2009 № 1024 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға 
арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау және бюджет 
қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 997 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 467-құжат): 
тақырыбындағы»"және бюджет қаражатынан агенттің қызметіне ақы төлеу мөлшері мен тәртібін белгілеу" деген сөздер алынып тасталсын; 
1-тармақтағы»"жабық" деген сөз алынып тасталсын; 
5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты 
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi