"Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1133 Қаулысы
Осы редакция 08.10.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Агенттің 2010 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 52178612 (елу екі миллион бір жүз жетпіс сегіз мың алты жүз он екі» теңге мөлшерінде бекітілсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 20.07.2010 № 741 Қаулысымен. (17.05.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агент қызметтеріне ақы төлеуді жүзеге асырсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.06.2007 № 554, 13.05.2008 № 450, 02 (29.11.2006 жылғы редакцияны қараңыз).07.2009 № 1024, 20.07.2010 № 741 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
4. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 17.05.2010 № 425 Қаулысымен. (02.07.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
5. "Арнайы шоттағы ақшаны пайдалану және уақытша бос қаражатты
орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 қыркүйектегі N 973 қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 29 қарашадағы
N 1133 қаулысымен
бекітілген
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңына сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдалану тәртібін реттейді.
Полная версия