Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысы
Редакция 20.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең) (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 460-құжат).
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 130 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең)
Іс-шаралар жоспары өзгертілді ҚР Үкіметінің 01.04.2013 жылғы № 313 Қаулысымен (11.02.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Іс-шаралар жоспары өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2014 жылғы № 1113 Қаулысымен (01.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)

Р/с

Атауы

*

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі, жылы

Қаржыландырылуы

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

2011 жыл***

2012 жыл***

2013 жыл***

2014 жыл***

2015 жыл***

Барлығы

Сомасы

**

Сомасы

**

Сомасы

**

Сомасы

**

Сомасы

**

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

 

Мақсат: білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру

 

Нысаналы индикатор: 2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

педагогтердің жалпы санының 30 %-ы біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілігі арттырудан өтті

1

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың әдістемесін әзірлеу

-

бұйрық

БҒМ

2011

ІV тоқсан

талап етілмейді

2

4 бейіндік мектеп базасында жалпы орта білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін кейіннен байқаудан өткізуді бір өңірге қолдану арқылы байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2013 - 2015

 

 

 

 

38,283

РБ

147,163

РБ

191,450

 

376,896

3

ТжКБ жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінің әдістемесін әзірлеу және бекіту

-

бұйрық

БҒМ

2011 - 2013

Дүниежүзілік банкпен «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасының шеңберінде

4

ТжКБ жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін екі өңірдің базасында байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

ЖАО, БҒМ

2013 - 2014

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде (№ 360012 «Біліктілікті арттыру мен кадрларды даярлау» бюджеттік бағдарламасы)

5

ШКМ-дан басқа мектепке дейінгі білім беруден бастап ТжКБ-ға дейінгі барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшуді жүзеге асыру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2015

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

6

Актуарлық есептеулер жүргізе отырып, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеу тетігін әзірлеу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, «Қаржы орталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011

ІІ тоқсан

«Қаржы орталығы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен

7

«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

-

Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

БҒМ

2011

IV тоқсан

талап етілмейді

8

Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша)

2015

РБ-ден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ көзделген қаражат шегінде

 

Мақсат: педагог мамандығының беделін арттыру

 

Нысаналы индикатор: педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі — 49 %

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

 

магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі - кемінде 10 %

педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі - 4,5 %

жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі - 10 %

академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі - 5 %

біліктілігін арттыру мен тағылымдамадан, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар базасында өткен, ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының үлесі, жыл сайын - 20 %

елде біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткен жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамының үлесі, жыл сайын - 20 %

9

Педагог қызметкерлердің біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын саралау коэффициенттерін енгізуді көздейтін педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа моделіне ұсыныстар, нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлеу тетігін әзірлеу, педагог қызметкерлердің орташа жалақысын экономиканың жеке секторындағы жалақыға жақындату

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, Еңбекмині

2011 III тоқсан  - 2015

 

5373,880

РБ

15733,719

РБ

 

 

 

 

 

 

21107,599

10

Жаңа жүйе бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу

-

мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың біліктілікті арттыру бағдарламалары

БҒМ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша)

2011 IV тоқсан - 2013 І тоқсан

РБ-ден көзделген қаражат, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ меншікті қаражаты шеңберінде

11

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды ықпалдастырылған түрде оқыту үшін (инклюзивті білім беру) мамандардың біліктілігін арттыруға  мемлекеттік тапсырысты ұлғайту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 - 2015

2,352

РБ

2,564

РБ

2,587

РБ

3,607

РБ

3,684

РБ

14,794

12

Мектепке дейінгі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу үшін мамандардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011, 2013 - 2015

2,352

РБ

0

РБ

2,587

РБ

3,607

РБ

3,684

РБ

12,230

13

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін оқу жабдығын сатып алу («Өрлеу» ҰБАО» АҚ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның 16 өңірлік БАИ, 8 ЖОО)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша), ЖАО

2011, 2014 - 2015

500,000

РБ

 

 

 

 

76,275

РБ

76,275

РБ

652,550

14

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына БАИ әдіскерлеріне арналған біліктілік талаптарына ғылыми дәрежесінің болуын енгізу бөлігінде толықтырулар енгізу

-

бұйрық

БҒМ

2011

IV тоқсан

талап етілмейді

15

Жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ТжКБ ұйымдарының 5000 педагог қызметкерінің Қарағанды, Алматы, Шымкент, Орал және тағы басқа қалалардағы біліктілікті арттыру жөніндегі өңіраралық орталықтарда (кемінде 72 сағат) біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (жыл сайын 1000 адам)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2011 - 2015

Республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде (№ 023 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы)

27,214

РБ

республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде (№ 023 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы)

27,214

16

Шет елдерде 144 арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (2011 - 24 адам, 2012 - 24 адам, 2013 - 32 адам, 2014 - 32 адам, 2015 - 32 адам)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 - 2015

13,680

РБ

6,842

РБ

9,760

РБ

14,880

РБ

21,760

РБ

66,922

17

ПОҚ ел ішінде біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды, оның ішінде ЖОО-ның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және ҒЗИ-мен көпжақты кооперациясы шеңберінде жоғары технологиялық кәсіпорында тағылымдамадан өткізуді жүзеге асыру

-

ЖОО-ның БҒМ-ге есебі

ЖОО-лар

2011 - 2015

IV тоқсан

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және ЖОО-ның қаражаты есебінен (№ 020 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы)

18

ЖОО-ның алдыңғы қатарлы және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша көпжақты кооперациясы мақсатында жыл сайын шет елдерде ПОҚ біліктілігін арттыруды ұйымдастыру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ИЖТМ

2014 - 2015

 

 

183,690

РБ

 

 

242,720

РБ

242,720

РБ

669,130

19

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілетін халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім үшін ағылшын тілді педагог кадрлар даярлауды енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011

I тоқсан

талап етілмейді

20

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагог мамандықтарының МЖМБС-ға базалық пәндер цикліндегі шет тілі бойынша кредиттер көлемін ұлғайту бөлігінде толықтыру енгізу (көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау үшін)

-

бұйрық

БҒМ

2011

I тоқсан

талап етілмейді

21

ШЖМ үшін педагогтерді, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-лардағы бейіндік мектептер үшін білім беру магистрлерін даярлау

-

бұйрық

БҒМ

2011

II тоқсан

көзделген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (№ 020 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы)

22

Педагогтердің біліктілік деңгейін растау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

-

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ҚазҰПУ

2011 - 2012

талап етілмейді

23

Педагогтердің біліктілік деңгейін растауға арналған тест тапсырмаларының құрылымын айқындау, тест тапсырмалары, сауалнамалар базасын жаңарту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2012 - 2014

талап етілмейді

24

Кейіннен бір өңір мен бір қалаға тарата отырып, 4 мектеп базасында оқытушыларды аттестаттау рәсімін байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2013 - 2015

талап етілмейді

25

Базалық ЖОО-ларда магистрлер мен PhD докторларын мақсатты даярлау тетігін әзірлеу

-

бұйрық

БҒМ

2011 - 2012

II тоқсан

талап етілмейді

26

Педагогикалық мамандықтардың үлгілік оқу бағдарламаларына көптілді білім беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

бұйрық

БҒМ

2011

II тоқсан

талап етілмейді

27

Өндірістік практикадан өту және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ҮИИДМБ-ның басым бағыттары бойынша жетекші отандық және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету

-

шарттар, меморандумдар, келісімдер

БҒМ, ИЖТМ

2012

I тоқсан

талап етілмейді

28

Педагогикалық қызметке бейімділігін айқындау үшін педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде шығармашылық емтихандарды енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері

2013

II тоқсан

талап етілмейді

29

Қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен бірлескен жобалар, мастер-кластар, жаңашыл педагогтар форумдары, конкурстар, педагогикалық әулеттер жиыны, ғылыми-практикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2011 - 2015

көзделген қаражат шегінде (№ 001 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы)

30

Математика мұғалімдерін TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысуға даярлау

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2014 - 2015

талап етілмейді

 

Мақсат: білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру

 

Нысаналы индикаторлар:

білім беру ұйымдарының 45 %-да қамқоршылық кеңестер құрылды

білім беру ұйымдары басшыларының 50 %-ы менеджмент саласында біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтті

 

Нәтижелер көрсеткіші: азаматтық ЖОО-да корпоративті басқару қағидаттарын енгізу - 65 %

31

Білім берудегі менеджмент мәселесі бойынша мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, орта білім жүйесінің басшы қызметкерлерін даярлау мен біліктілігін арттыруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұлғайту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 - 2015

9,600

РБ

10,244

РБ

10,590

РБ

33,292

РБ

45,412

РБ

109,138

32

ЖОО-лардың педагогикалық мамандықтағы оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу

-

директорлар кеңесінің шешімі

«Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша)

2012

талап етілмейді

33

Жоғары білім беру жүйесінің басшы қызметкерлері мен оқытушыларын қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖОО-лар

2012 - 2015

ЖОО-лар қаражаты есебінен

34

ТжКБ-ны дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестерді құру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету

-

БҒМ-ге ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар1, ЖАО, БҒМ

2011

талап етілмейді

35

ТжКБ-ны дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі салалық және өңірлік кеңестер қызметін талдау

 

БҒМ-ге ақпарат

Мүдделі мемлекеттік органдар1, ЖАО,

БҒМ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

2011 - 2015

талап етілмейді

36

Білім беру ұйымдарының басшы қызметкерлері арасында нәтижеге бағдарланған жоспарлау бойынша оқыту семинарларын өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011

III тоқсан

талап етілмейді

37

Меншік нысанына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарында жоспарлау, мониторинг және жұмыс нәтижелерін бағалау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 IV тоқсан  - 2013

талап етілмейді

38

Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерінің жұмыс істеуі жөнінде республикалық семинар өткізу

-

ұсынымдар

БҒМ, ЖОО-лар, ЖАО

2011

IV тоқсан

ЖОО-лар қаражаты есебінен

39

Білім беру ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарының жұмыс істеуін байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2012 - 2013

талап етілмейді

40

«Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығына басқару, қаржыландыру деңгейі әртүрлі ұйымдарда (АҚ, ММ, РМК, РМҚК) қамқоршылық кеңестер құруды нақтылау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

бұйрық

БҒМ

2014

І тоқсан

талап етілмейді

41

Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер құру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2014 - 2015

талап етілмейді

42

Пилоттық жобаның нәтижесі оң болған жағдайда ЖОО-ларға корпоративтік басқару мен стратегиялық жоспарлау қағидаттарын енгізу

-

ЖОО-лардың БҒМ-ге есебі

ЖОО-лар

2014 - 2015

IV тоқсан

талап етілмейді

43

ЖОО-лар ректорларын тағайындау тетіктерін қайта қарау жөніндегі ұсыныстар енгізу.

Барлық аккредиттелген ЖОО-ларда ректорлардың сайланбалылығы жөніндегі ұсынымдар әзірлеу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ

2013

талап етілмейді

44

ЖОО-ларда олардың қызметінің ашықтығы мәніне әлеуметтік зерттеу жүргізу

-

БҒМ-ге ақпарат

ЖОО-лар

2012 - 2015

ЖОО-лар қаражаты есебінен

45

Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығын Білім статистикасы және бағалау ұлттық орталығы етіп қайта атау

-

ҚР ҮҚ

БҒМ

2011

ІV тоқсан

талап етілмейді

46

Білім статистикасын ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және АҚШ халықаралық білім статистикасының талаптарын ескере отырып жетілдіру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ҰБСБО

2011 - 2013

талап етілмейді

47

Облыстарда және Алматы қаласында білім статистикасы, мониторинг және сапаны бағалау инфрақұрылымын құру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2014

 

 

 

 

 

 

188,242

РБ

 

 

188,242

48

Балалардың «Жалпы оқыту» қозғалысының бастапқы деректері, мониторингі негізінде бірыңғай электрондық білім статистикасының базасын жасау, байқаудан өткізу, енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2013 - 2015

«e-learning» электрондық оқыту жүйесі шеңберінде

49

Облыстардың, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы жыл сайынғы облыстық баяндамалар түрінде ашық есептілік тетіктері мен нысандарын әзірлеу, енгізу

-

БҒМ-ге ақпарат (ҰБСБО)

ЖАО

2011 - 2015

талап етілмейді

50

Жыл сайын білім беруді дамыту мониторингісінің қорытындысын жариялау (білім жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама, білім статистикасының ұлттық жинақтары) және ҚР БҒМ мен ҰБСБО веб-сайттарына орналастыру

-

БҒМ-ге ақпарат

ҰБСБО

2011 - 2015

ІІІ тоқсан

Республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде (№ 008 «Білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы)

51

Барлық білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын басқару тетігін әзірлеу және енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 - 2012

талап етілмейді

52

Әлеуметтік тапсырыс жүйесін және коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарды, оның ішінде агенттіктерді мемлекеттік қаржыландыру тетігін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ

2011

ІV тоқсан

талап етілмейді

 

Мақсат: білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету

 

Нысаналы индикатор: білім беру ұйымдарының 50 %-да электрондық оқыту жүйесі қолданылады

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

оқытуда АКТ-ны пайдалану бойынша біліктілігін арттырудан өткен педагогтер үлесі олардың жалпы санына шаққанда - 90 %

1 компьютерге келетін оқушылар саны - 10

53

Электрондық оқыту жүйесін пайдаланудың халықаралық стандарттары және техникалық регламенттері негізінде бастапқы статистикалық деректерді жинақтауды қоса алғанда, электрондық оқыту жүйесінің нормативтік құқықтық базасын әзірлеу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ККМ

2011 - 2015

талап етілмейді

54

Электрондық оқыту жүйесін енгізуді ескере отырып, білім беру деңгейлері бойынша МЖМБС-ны әзірлеу және бекіту

-

ҚР ҮҚ

БҒМ

2012

IV тоқсан

талап етілмейді

55

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін енгізу, оның ішінде: 2011 ж. - 44 ұйымда, 2012 ж. - 537, 2013 ж. - 926, 2014 ж. - 1317, 2015 ж. - 1311

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2011 - 2015

1371,700

РБ

11978,426

РБ

12244,700

РБ

24942,600

РБ

25156,600

РБ

75694,026

56

Білім беру ұйымдарының өткізу қабілеті 4-10 Мбит/сек. болатын Интернет желісіне қол жеткізуін қамтамасыз ету, оның ішінде: 2011 ж. - 44, 2012 ж. - 537, 2013 ж. - 926, 2014 ж. - 1317, 2015 ж. - 1311

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2011 - 2015

78,500

РБ

904,568

РБ

9458,600

РБ

16837,800

РБ

24621,100

РБ

51900,568

57

Электрондық оқыту жүйесінің жұмыс істеуі үшін оқытушылар мен электронды оқыту жүйесінің әкімшілерін даярлау және біліктілігін арттыру, жыл сайын 8 мың адам

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ККМ, ЖАО

2011 - 2015

184,800

РБ

183,399

РБ

184,800

РБ

203,640

РБ

203,640

РБ

960,279

58

Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын толық қамтитын цифрлық білім контентімен ашық қолжетімділікте, оның ішінде осы салада қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметтерін пайдалана отырып қамтамасыз ету (контентті жылына 30 %-ға жаңарту)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2014 - 2015

 

 

3056,662

 

 

 

2199,400

РБ

2199,400

РБ

7455,462

59

Университеттік интернет-ресурстарға қойылатын талаптарды әзірлеу

-

бұйрық

БҒМ

2011 IV тоқсан - 2012

талап етілмейді

60

Жетекші шетелдік ЖОО-лар үлгісі бойынша университеттік интернет-ресурстар құру

-

БҒМ-ге ақпарат

ЖОО-лар

2012 - 2014

ЖОО-лар қаражаты есебінен

 

Мақсат: халықтың мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне сұранысын қанағаттандыру

 

Нысаналы индикатор: 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 77,7 %-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтар үлесі - 60 %

мектепалды дайындығымен қамтамасыз етілген 5-6 жастағы балалар үлесі -100 %

жекеменшік балабақшалардың жалпы балабақшалар санынан үлесі – кемінде 27,9 %

61

Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз)

62

Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту жөніндегі 2015 жылға арналған қосымша іс-шараларды көздеу бойынша ұсыныстар енгізу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ЖАО

2013

IV тоқсан

талап етілмейді

63

Мектепке дейінгі және мектептегі жалпы білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандарға қатысты «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

БҒМ, ЖАО

2011

III тоқсан

талап етілмейді

64

Әрбір аудан орталығында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің және облыс орталықтарында оңалту орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

-

БҒМ-ге ақпарат

ЖАО

2011 - 2015

1697,100

ЖБ

1844,300

ЖБ

1874,500

ЖБ

1851,200

ЖБ

1915,200

ЖБ

9182,3

65

Жалпы білім беру ұйымдарының педагогтерін даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу үшін қайта даярлау бойынша оқу бағдарламаларын, оның  ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ықпалдастыра оқытудың модульдік бағдарламаларын әзірлеу

-

оқу бағдарламалары

БҒМ

2011 - 2015

4,320

РБ

 

 

 

 

 

 

 

 

4,320

республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде (№ 008 «Білім беру жүйесін әдіснамалық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы)

66

Кохлеарлы имплантантты, аутизмді, психикалық дамуы кешеуілдеген, тірек-қимыл аппараты бұзылған мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу

-

бұйрық

БҒМ

2011, 2013

0,864

РБ

0

РБ

1,728

РБ

 

 

 

 

2,592

67

Мектепке дейінгі білім берудің педагог қызметкерлерін даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жаңарту

-

оқу бағдарламалары

БҒМ

2011 - 2015

талап етілмейді

67-1

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру есебінен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қосымша орындар енгізуді қамтамасыз ету, оның ішінде: республикалық бюджет есебінен: 2010 жылы – 89 723;

2011 жылы – 68 777;

2012 жылы – 52 641;

2013 жылы – 34 607;

2014 жылы – 32 874;

2015 жылы – 28 546;

жергілікті бюджеттер есебінен:

2014 жылы – 23 375;

2015 жылы – 20 288.

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ

Жыл сайын, шілде, қаңтар

12133,6

РБ

9286,9

РБ

6105,4

РБ

6217,5

РБ

5399

РБ

39142,4

-

ЖБ

-

ЖБ

-

ЖБ

3437,8

ЖБ

2907,0

ЖБ

6344,8

67-2

Мектепке дейінгі білім беру объектілерін салу, оның ішінде:

2011 ж. – 15 460 орындық 56 объекті;

2012 ж. - 5 800 орындық 32 объекті;

2013 ж. – 3 840 орындық 14 объекті;

2014 жылы – 32 объекті;

2015 жылы – 6 объекті;

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

ҚР БҒМ облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын, шілде, қаңтар

36535,4

РБ

10923,0

РБ

8513,2

РБ

9633,7

РБ

3570,6

РБ

69175,9

788

ЖБ

139,5

ЖБ

247,0

ЖБ

















1174,5

67-3

Енгізудің басқа тәсілдері есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды ашу (шағын орталықтар, бұрын жекешелендірілгендерін қайтару, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, жалға берілген коммуналдық меншіктегі жеке тұрған ғимараттарды босату, балабақшаларды ашуға жарамды өзге де ғимараттар мен үй-жайларды беру )

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ

2011-2015 жж.

ЖБ шеңберінде

67-4

Өңірлерде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ

2011-2015 жж.

Талап етілмейді

67-5

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды қамтамасыз ету, оның ішінде: 2011 жылы – 2 341;

2012 жылы – 1 391

2014 жылы – 1 391

2015 жылы – 7 716

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ,

ҚР ДСӘДМ

2011-2015жж.

340,1

РБ

202,1

РБ

-

-

189,7

РБ

276,3

РБ

1008,2

67-6

Мектепке дейінгі ұйымдардағы кезектілікті мониторингтеу

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ

Жыл сайын шілде, қаңтар

Талап етілмейді

67-7

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары әдістемелік бірлестіктерінің жанынан ата-аналарға арналған консультациялық пункттер құру

-

ҚР БҒМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ

Жыл сайын шілде, қаңтар

ЖБ шеңберінде

67-8

Инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар (пандустар,

Кіреберістер,

көтергіштер,

жеделсатылар) жасау

-

ҚР БҒМ-нің ҚР Үкіметіне ақпараты

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, ҚР БҒМ

2014-2015 жж. Шілде, қаңтар

ЖБ шеңберінде

*** іс-шаралар бойынша қаражат көлемі «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын нақтыланатын болады
ӨДМ - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
«Назарбаев Университеті» ДБҰ - «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
«Өрлеу» ҰБАО» АҚ - «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы
«РҒӘО» АҚ – «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы
МЖБС - мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
МЖӘ - мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
ҮИИДМБ - Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
АКТ - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
ҚазҰПУ – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
ҰБСБО - Ұлттық білім сапасын бағалау орталығы
ҰБСБО - Ұлттық білім статистикасы мен бағалау орталығы
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы
облБАИ - облыстық біліктілікті арттыру институты
ЭЫДҰ – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
ҚР ҮҚ - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
РМҚК - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
ББҰБРИ - Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт
РҒПО - республикалық ғылыми-практикалық орталығы
ТжКБ - техникалық және кәсіптік білім
ББ – Астана, Алматы қалалары, облыстарының білім басқармалары
ҮИИД - үдемелі индустриялық-инновациялық даму
1 Мұнай және газ, Көлік және коммуникация, Индустрия және жаңа технологиялар, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
Полная версия
ИС BestProfi